Date of publication: 16.02.2024 11:42
Date of changing: 16.02.2024 12:51

2024 жылғы 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласындағы «Банк Центр Кредит "Акционерлік қоғамының филиалы» алаңында салық төлеушілердің, «Банк Центр Кредит» АҚ-ның, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Даму» қорының өкілдерінің қатысуымен бизнес - кездесу өткізді.

Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова өз сөзінде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы, жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі, мобильді аударымдар, мобильді қосымшаны қолдана отырып жүзеге асырылатын бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің артықшылықтары, «E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business», @SalyqBot чат-боты цифрлық жаңашылдықтары туралы ақпаратпен бөлісті.

Спикер өзгерістерді ескере отырып, 250, 270 СЕН салық есептілігін табыс ету тәртібі, тәсілдері мен мерзімдері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Салық есептілігін «e-Salyq Аzamat» мобильді қосымшасы, сондай-ақ «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» веб - порталдары, «Halyk», «Bank Centercredit» мобильдік қосымшалары арқылы ұсынған тиімді болатынын жеткізді, декларацияны ұсыну мерзімі - 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

Спикер декларацияны ұсынбағаны немесе толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі туралы хабарлады.

Басқарма басшысы мобильді аударымдарға жеке тоқталып, мобильді аударымдар туралы не білу керектігін және мобильді аударымдарды тексеру не үшін қажет екенін айтты. Тексеру критерийлеріне үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана жатады.

Сөз соңында кездесуге қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді, салық төлеушілерге жалпыға бірдей декларациялау және цифрлық инновациялар туралы буклеттер табыс етілді.