Date of publication: 15.02.2024 18:28
Date of changing: 15.02.2024 18:30

2024 жылғы 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Жалпыға бірдей декларациялау» шеңберінде бірінші және екінші кезеңдерге қатысушылар үшін ZOOM конференциясын өткізді. Іс-шараға 45-тен астам салық төлеуші қатысты.

ШҚО бойынша МКД-нің Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Гүлгүл Құсайынова жалпыға бірдей декларациялаудың кезеңдері туралы айтып, салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдері мен табыс ету тәсілдеріне тоқталды.

Сонымен қатар, спикер Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 270.00 нысандағы «Кірістер мен мүлік туралы» декларацияны толтыру тәртібін тыңдаушылардың назарына жеткізді, сондай - ақ мобильді аударымдар бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.
 

Конференция барысында барлық сұрақтарға жауаптар берілді.