Date of publication: 14.02.2024 17:07
Date of changing: 14.02.2024 17:08

2024 жылғы 13 ақпанда Өскемен қаласында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында «ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің қорытындылары туралы. Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы» тақырыбында салық төлеушілер мен БАҚ-тың қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг аясында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш Департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің қорытындыларымен, негізгі функцияларымен және бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы туралы ақпаратпен бөлісті.

Сөз сөйлеу барысында спикер мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтердің 42 түрін, оның ішінде 25 - салық және 17 - кеден бағыты бойынша қызмет көрсететінін атап өтті.

«ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және аумақтық басқармалар 2023 жылы 729010 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде электронды түрде 723284 қызмет, қағаз нұсқада 5726 қызмет, оның ішінде КЕАҚ арқылы - 625 қызмет көрсетілді. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің цифрлық құралдарының көмегімен («E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business» мобильді қосымшалары, телеграммда іске асырылған @SalyqBot чат-ботының сервистері) өткен жылмен салыстырғанда қағаз нұсқасында көрсетілетін қызметтерінің саны 4927 қызметке немесе 46,2% - ға азайды», - деп түйіндеді Департамент басшысының орынбасары.

Халықтың көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында Департаменттің әлеуметтік желілерінде «Кері байланыс», «Сарапшыға сұрақ», «Апта сұрағы» айдарлары құрылған. Өз кезегінде, Департамент аталған айдарларға ұдайы талдау жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап беріп отырады.

Өз кезегінде Департамент уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін арттыру бойынша тұрақты негізде бақылау іс-шараларын өткізеді.

Брифинг соңында Департамент өкілі БАҚ-тың барлық сұрақтарына жауап берді.

 

Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша білуге болады:

https://fb.watch/qc50RyKlIF/