Date of publication: 14.02.2024 15:33
Date of changing: 14.02.2024 15:35

Декларацияны 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет.

Электрондық нысанда декларацияны "салық төлеуші Кабинеті" МКК web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкімет" порталы (egov.kz), moldir.qoldau.kz ұсынуға болады, сондай-ақ E-SALYQ azamat, eGov mobile, Halyk, ЦентрКредитБанк ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы (ЭЦҚ кілті талап етілмейді, СМС-парольдің көмегімен) ұсынуға болады. Осы жылдың 20 ақпанынан кейін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны Kaspi.kz. мобильді қосымша арқылы ұсыну мүмкін болады

Бүгінгі таңда азаматтардың 99%-ы декларацияларды электронды түрде ұсынады.

Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз жеткізгіште пошта арқылы не келу тәртібімен ұсынуға құқылы.

Ағымдағы жылдың 13 ақпанындағы жағдай бойынша 250.00  нысанды "кіріс" бастапқы декларациясын үшінші кезеңнің 121 мың декларанты (3,5 %) және 294 мың жеке тұлға 270.00 декларациясын ұсынды.

Бүгінде шетелде және Қазақстанда активтері жоқ жеке тұлғалар декларацияны үйден шықпай-ақ тапсыра алады. Қазіргі уақытта банк мекемелері мен Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық жүйелері тұрақты және тиімді жұмыс атқаруда.