Date of publication: 14.02.2024 15:06
Date of changing: 14.02.2024 15:13

Бірінші кезең бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 580 мыңға жуық мемлекеттік қызметші және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары "кіріс" декларациясын тапсырды.

Екінші кезеңде, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың шамамен 2,1 млн. қызметкері, сондай-ақ олардың жұбайлары табыс етті.

Үшінші кезеңде, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны шамамен 3,9 млн. жеке тұлғалар тапсырады – олар заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары.

Активтер мен міндеттемелер туралы "кіріс" декларациясын 01.01.2024 жылғы жағдай бойынша заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, қатысушылары, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары, оның ішінде әрекетсіз және қызметін тоқтатқан кәсіпкерлерде ұсынады.

Филиалдар мен өкілдіктердің басшылары декларацияны ұсынуға міндетті емес (заңды тұлғалар болып табылмайды). Сонымен қатар, 2024 жылы жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және кәсіби медиаторлар) "кіріс" декларациясын ұсынбайды.

Төртінші кезеңде, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған 6,4 млн. астам санатын қамту жоспарлануда (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар).  

Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне шамамен 13 млн. адам енеді деп күтілуде.