Date of publication: 08.02.2024 11:09
Date of changing: 08.02.2024 11:34

2024 жылғы 07 ақпанда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыстың басқа мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қатар Шығыс Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасына қатысты.

Халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге атсалысу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына өз сұрақтарын қоюға және тегін құқықтық консультация алуға мүмкіндік берілді.

Акция аясында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері Ұлан ауданының 100-ден астам азаматына заң көмегін көрсетті. Азаматтардың ең көп өтініштері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және салық салу саласында келіп түсті.

Іс-шара барысында Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова салықтық әкімшілендіру және «E-Salyq Azamat», «e-Salyq Business» мемлекеттік кірістер органдарының мобилді қосымшаларын, телеграммда жүзеге асырылған «SalyqBot» чат - ботын пайдалану мүмкіндіктері бойынша консультация берді, оның ішінде өтініштердің басым бөлігі Жалпыға бірдей декларациялау және арнайы салық режимдеріне қатысты түсті.