Date of publication: 07.02.2024 18:21
Date of changing: 07.02.2024 18:22

2024 жылғы 07 ақпанда жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бірінші және екінші кезеңдерге қатысушылар үшін ZOOM конференциясын өткізді.

Конференция барысында спикер жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері, салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдері, табыс ету тәсілдері, 250.00 нысандағы "Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері" туралы декларацияны толтыру тәртібі жайлы түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шара соңында Басқарма өкілдері конференцияға қатысушыларды барлық сұрақтарына жауап берді.