Date of publication: 04.04.2023 12:45
Date of changing: 04.04.2023 12:46

2023 жылғы 31 наурызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан - Американдық еркін университетінің және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық  университеті студенттері үшін «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті.

Іс - шараның мақсаты жастар арасында салықтық, кедендік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты арттыру, теориялық білімді тәжірибеде қолдану болып табылады.

«Ашық есік күні» аясында студенттер Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметімен танысып, жедел басқармалардың функциялары туралы көптеген пайдалы ақпарат алды.