Date of publication: 09.01.2023 11:32
Date of changing: 09.01.2023 11:50

2023 жылғы 6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен «Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, «ХҚКО», «Халықты жұмыспен қамту орталықтары», «Ұлттық банк» және Екінші деңгейдегі банктердің өкілдерінің қатысуымен ШҚО әкімдігі алаңында жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнаманың нормаларын түсіндіру бойынша семинар - кеңес өткізілді.

Іс-шараны ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтов ашып, аталған заңнаманы әзірлеудің мақсаты туралы тоқталып өтті.

Семинар - кеңес аясында ШҚО бойынша МКД-нің басшысы Саят Сайлаубекұлы Бимағамбетов 2022 жылғы 29 желтоқсанда Парламент Сенаты мақұлдаған «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңының нормалары және жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнаманы қолданудың негізгі критерийлері туралы хабарлады. Сондай-ақ, Департамент басшысы аталған Заңның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 60 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енетіндігі жайлы атап өтті.

ШҚО бойынша МКД-нің басшысы семинарға қатысушылармен жеке тұлғалардың банкроттық тәртібі туралы, банкроттық рәсімдерінің үш түрі - соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы ақпаратпен бөлісті.

Кеңес қорытындысы бойынша әрбір мемлекеттік органның құзыреті шеңберінде азаматтардың банкроттық рәсімдерін ұйымдастыру, сонымен қатар азаматтарды жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін қолдану мүмкіндігі туралы хабардар ету және тиісті мәліметтерді алу кезінде көмек көрсету мәселесі бойынша шешімдер қабылданды.