Date of publication: 06.01.2023 18:02
Date of changing: 06.01.2023 18:03

2023 жылғы 5 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өңір бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері, Байланыс орталығының операторлары арасында  «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңнама нормаларын түсіндіру бойынша семинар - кеңес өткізді.

ШҚО бойынша МКД басқармаларының басшылары мен мамандарының қатысуымен өткен кезекті семинар - кеңес барысында Департаменттің жауапты тұлғалары облыс тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңының негізгі ережелерін жеткізді.