Date of publication: 10.11.2022 17:27
Date of changing: 10.11.2022 17:28

Еске саламыз!

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың 3 тоқсаны үшін салық есептілігін тапсыру мерзімі 15 қарашада аяқталатынын хабарлайды, оның ішінде:

200.00-нысан – жеке табыс салығы бойынша декларация

300.00-нысан – қосылған құн салығы бойынша декларация

400.00-нысан – акциздер бойынша декларация

421.00-нысан – салық салуға байланысты объектілер немесе құрылымдық бөлімшелер үшін акцизді есептеу.

Салық есептілігін электрондық нысанда «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасының көмегімен және Салық есептілігін өңдеудің ақпараттық жүйесі арқылы ұсынуларыңызға болады!