Date of publication: 22.06.2022 15:04
Date of changing: 22.06.2022 15:05

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағына шетелдерден уақытша әкелінген көлік құралдарына қатысты рейд шаралары жүргізіліп жатыр.

Рейд барысында көлік құралдарын басқарған жеке тұлғалар және көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімі тексеріледі.

Осыған орай. «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан-әрі - Кодекс) 347 бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын шетелдік жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына (Армения, Беларусь,  Қазақстан, Қырғызстан, Ресей аумақтарына) уақытша бір жылдан көп емес мерзімге әкелуіне жол берілетінін еске саламыз.

Сонымен қатар кеден органының рұқсатымен және кедендік декларациялаусыз шетелдік жеке тұлға уақытша әкелінген көлік құралын Кодекстің 354-бабына сәйкес, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз еткен жағдайда (еркін айналымға шығару «растаможка» кезде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың тең сомма көлемінде) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің жеке тұлғасына беруіне рұқсат етіледі. Көлік құралды өзге тұлғаға беруі декларантты кеден заңнамасымен белгілінген талаптарды сақтау міндетінен босатпайды, сондай-ақ осындай көлік құралдардын уақытша әкелу мерзімін тоқтатпайды және ұзартпайды, ал уақытша әкелінген көлік құралы берілген жеке тұлға, декларантты қоспағанда, осы көлік құралды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы өзге тұлғаларға беруге құқылы емес.

Назар аударуыңызды сұраймыз! Кодекстің 52-тарауна сәйкес уақытша әкелінген көлік құралдары келесі жағдайларда кідіртуге жатады:

- кідіртуге дейін Кодекстің 351-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталған жағдайды қоспағанда, көлік құралдарға қатысты, уақытша әкелу мерзімі өткенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету, еркін айналымға шығаруы немесе өзге де кедендік рәсімдерге орналастыру бойынша әрекеттер жасалмағанда;

- еркін айналымға шығару мақсатында, уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарды кедендік декларациялау жүзеге асырылғанға дейін, оларды кеден заңнамасымен көзделмелген жағдайларда өзге тұлғаларға беру фактілері анықталғанда.

Көлік құралдарды уақытша әкелген шетел азаматтарымен Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын сақталуын Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитеті бақылауда ұстауда.