Date of publication: 22.06.2022 10:27
Date of changing: 22.06.2022 11:58

2022 жылғы 18 маусымда Өскемен қаласындағы «Восток» стадионында облыстық басқармалар, аумақтық департаменттер, қалалар мен аудандар арасында Қазақстан Республикасы мемлекеттік  қызметшілер күніне арналған ХVIII Шығыс Қазақстан облыстық спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті. Спартакиаданың мақсаты мемлекеттік қызметшілерді дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ облыстық мемлекеттік органдар арасында ең мықты спорт ұжымын анықтау болып табылады.

Қатысушы командалар озара шағын футбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, волейбол, шахмат спорт түрлері бойынша жарысты. Пандемия кезінде спартакиада өткізілмегенін ескере отырып, барлық командалар жарысқа жеңіске деген зор ынтымақпен қатысып жақсы дайындықты көрсетті.

ШҚО мемлекеттік органдары арасындағы спартакиадада біздің департаменттің чемпион болуы, мемлекеттік органдағы спорттың дамуы қызметтік көрсеткіштерімен қатар жоғары деңгейде екенін барлығына дәлелдеп көрсетіп отыр.

Жарыстар қатаң түрде бекітілген ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Шығыс Қазақстан Әлілет департаменті, ШҚО Әділет департаментінің ең мықты командалары арасында өткізілді. Шығыс қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісі, ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ШҚО бойынша департаменті, ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Қазынашылық департаменті ШҚО, шығыыс қазақстан облысының санитарлық - эпидемиологиялық бақылау департаменті Бөлім БҚО статистикасы.

Спартакиада басталғалы бері спорттық құштарлақтың мызғымас рухы байқалды, өйткені әрбір құрама жеңіс тұғырынан көрінгісі келді. Табанды тартыста жарыстың қортындысы бойынша ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы жалпы есепте құрметті бірінші орынды иеленіп, шағын футболдан 1 орын, үстел теннисінен 1 орын, шахматтан 1 орын, волейболдан 3 орын, тоғыз құмалақтан 4 орын. Командалық есепте екінші орынды ШҚО боынша Қазынашылық департаментінің командасы, ал үшінші орынды  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің ШҚО бойынша департаментінің командасы иеленді.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдары арасындағы Спартакиадада біздің басқарманың біріншілігі мемлекеттік органда жоғары нәтижелік көрсеткіштерімен қатар спорттың дамуы жоғары деңгейде екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.