Date of publication: 17.06.2022 17:50
Date of changing: 17.06.2022 17:51

Бүгінде, 15 жыл бойы мемлекеттік органдардың халықпен Азаматтарға арналған электрондық үкімет деп аталатын цифрлық аппарат арқылы өзара әрекеттестігі жұмыс істеп келеді.

Жеке және заңды тұлғалар қазіргі уақытта ұсынылған электрондық мемлекеттік қызметтер пакетін табысты пайдаланады, бұл әуре-сарсаңға салуды, біліксіздікті және сыбайлас жемқорлыққа алғышарттарды болдырмай, халыққа мемлекеттік органдармен байланысты айтарлықтай дәрежеде жеңілдетеді.

Мемлекеттік кірістер органдары сондай-ақ әкімшілік кедергілерді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және т. б. азайту үшін барлық шараларды қабылдайды, ол үшін Үкіметтің egov.kz. мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің электрондық порталы арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін барлық техникалық ресурстарды іздестіруде.

Осы уақыттан бастап egov.kz порталында мемлекеттік кірістер органдарының екі мемлекеттік қызметі іске асырылатындығын асыға хабарлаймыз:

– «Көлік құралына арналған кедендік декларацияны қабылдау», бұл халықаралық тасымалдаумен көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде көлік құралына арналған декларацияны пайдаланатын тасымалдаушылардың (авиатасымалдаушылардың) және «ҚР Кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінде көзделген жағдайларда керек-жарақтарды  (керек-жарақтар-бұл әуе кемелерінің тұратын жерлері мен жүру жолында оларды қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету үшін қажетті тауарлар, сондай-ақ әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаж мүшелерінің тұтынуына және (немесе) пайдалануына арналған тауарлар) кедендік декларацияу кезінде кедендік декларацияны дербес беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

- «Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау», бұл жазбаша хат-хабар жөнелтілімдері мен сәлемдемелер түрінде халықаралық пошта жөнелтілімдері келіп түсетін жеке тұлғалардың жолаушылар кедендік декларациясын дербес беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Осы мемлекеттік қызметтерді іске асыру Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 27 мекенжайы бойынша орналасқан Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесіне сыртқы пайдаланушының рұқатын  алу кезінде мүмкін болады.

Анықтама телефоны: 24-30-84.

 

 

ШҚО бойынша МКД «Әуежай-Өскемен»

кеден бекетінің бас маманы А.Танюшкина