Date of publication: 29.03.2022 16:14
Date of changing: 29.03.2022 16:17

«Қазақстан Республикасындағы  Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 345-бабына сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдерімен  (одан ары -ХПЖ) жіберілетіндерді қоспағанда, кедендік декларациялау кезінде мәлімделген жеке пайдалануға арналған тауарларды (одан ары –ЖПАТ)  Еуразиялық экономикалық одақтың (одан әрі -ЕЭО) кедендік аумағына әкелу және (немесе) ЕЭО  кедендік аумағында болу немесе ЕЭО кедендік аумағынан әкету мақсатына қарай мынадай тауарлар:

      - еркін айналымға;

      - әкету үшін;

      - ЕЭО кедендік аумағында уақытша болуы үшін;

     - ЕЭО кедендік аумағының шегінен тыс жерде уақытша болуы үшін шығарылуға жатады.

          Кедендік декларациялауға жататын ЖПАТ тауарларды еркін айналымға немесе әкету үшін шығаруды  кедендік төлемдер төленген және  заңға сәйкес тыйымдар мен шектеулер сақталған жағдайда кеден органдары жүргізеді. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін ЖПАТ тауарлар шығаруды кеден органы тиісті шоттарға жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты төленген кедендік төлемдердің сомалары есепке жатқызылғанға дейін жүргізеді. ХПЖ жіберілетін ЖПАТ тауарларды шығаруды кедендік төлемдер төленгенге дейін кеден органы жүргізеді.                                                                                                                Кедендік декларациялауға жатпайтын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін ЖПАТ тауарлар еркін айналымға шығарылған немесе "жасыл" дәлізден шығу  сызығын не келу немесе кету орындарында кедендік операцияларды аяқтау сызығын кесіп өткен кезден бастап әкету үшін шығарылған деп есептеледі.  Санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлеріне жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару мемлекеттік бақылаудың  тиісті түрі жүзеге асырылғаннан кейін жүргізіледі.

 

ШҚО бойынша МКД «Бақты» кб

бас маманы Н.С.Дандесов