Date of publication: 29.03.2022 14:42
Date of changing: 29.03.2022 15:01

«Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдаудың кейбір мәселелері туралы»  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 784 бұйрығымен мынадай өзгерістер енгізілді:

Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру қағидаларында, шарттарында және мерзімдерінде:

- Жалпы ережедегі 1-тараудың 1-тармағы «Осы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру қағидалары, шарттары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 65-бабына сәйкес әзірленді және әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісін қолдану мәселесі бойынша алдын ала шешімді (бұдан әрі – алдын ала шешім) декларантқа немесе импорттаушыға (бұдан әрі – өтініш беруші) беру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін айқындайды.» жолы мынадай редакцияда жазылсын: «Осы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді беру қағидалары, шарттары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабына сәйкес әзірленді және әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді (бұдан әрі – алдын ала шешім) беру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін айқындайды.»

- 2 – тараудың 2 – тармағы алдын ала шешімді беру тәртібі, шарттары мен мерзімдері " Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына (бұдан әрі – орган) өтініш берушінің қағаз жеткізгіштегі алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) беруі алдын ала шешім берудің шарты болып табылады.» жолы мынадай редакцияда жазылсын: «Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына (бұдан әрі – орган) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында органның ақпараттық жүйесі арқылы құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса бере отырып, алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) беруі алдын ала шешім берудің шарты болып табылады. Органның ақпараттық жүйесі істен шыққан жағдайда, өтініш қағаз жеткізгіште ұсынылады, сондай-ақ алдын ала шешім қағаз жеткізгіште беріледі.»

- 6-тармақ "Алдын ала шешім өтінішті органның кеңсесінде тіркеген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде беріледі.» жолы мынадай редакцияда жазылсын: "Алдын ала шешім қағаз жеткізгіште өтініш берілген жағдайда – өтінішті органның кеңсесінде тіркеген күннен бастап, ал органың ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берілген жағдайда – электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылып өтініш жіберілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күн ішінде беріледі.»

- 7-тармақ «Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі алдын ала шешім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылады, олардың біреуі органда қалады, ал екіншісі өтініш берушіге жіберіледі." жолы мынадай редакцияда жазылсын: «Алдын ала шешім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1 (бір) тауардың кедендік құнын айқындау әдісіне қатысты өтініш берушіге беріледі және электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште 2 (екі) данада толтырылады, олардың біреуі органда қалады, ал екіншісі өтініш берушіге жіберіледі.»                                                                   Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді қолдану қағидалары мен мерзімдерінде:                                                                                                  - Жалпы ережедегі 1-тараудың 1-тармағы «Осы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді (бұдан әрі – алдын ала шешім) қолдану қағидалары мен мерзімдері, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді қолдану тәртібі мен мерзімдерін айқындау мақсатында  «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабының 19-тармағына сәйкес әзірленген.» жолы мынадай редакцияда жазылсын: «Осы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді қолдану қағидалары мен мерзімдері «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабы 19-тармағына сәйкес әзірленді және әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерді (бұдан әрі – алдын ала шешім) қолдану тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.»