Date of publication: 28.03.2022 17:21
Date of changing: 28.03.2022 17:39

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшеріне дейін ҚҚС бойынша төмендетілді.

Тиісінше, 2022 жылдың басынан бастап айналым 61,3 млн.теңгеден асқан кезде салық төлеуші ҚҚС бойынша есепке тұруға міндетті.

Бұл ретте, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін, ҮИЖ пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз (төлем картасымен төлеу) жолмен алынған айналымдарға қатысты қосылған құн салығы бойынша шек 124 184 АЕК-ке немесе 380,4 млн.тенгеге 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап көтерілді.

 

 

Түсіндіру жұмыс басқармасы