Date of publication: 25.03.2022 17:36
Date of changing: 25.03.2022 17:53

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеудің соңғы мерзімі 2022 жылғы 1-інші сәуірі екендігін еске салады.

Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында орналыстырылған  салық калькуляторының көмегімен дербес есептеуге болады.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынтын салық сомалары «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберіліп жатыр.

Бұдан басқа, бұл ақпарат kgd.gov.kz web-порталда «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі банктер «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ қосымшаларында орналастырылатын болады.