Жарияланған күні: 01.10.2021 15:49
Өзгертілген күні: 01.10.2021 15:59
Кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тасымалдайтын тауарларды анықтау кеден органымен тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып төмендегілерді негізге ала отырып. Кеден органы жеке  тұлғалар кедендік шекара арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызуды кеден органы тәукелдерді басқару жүйесін қолдана отырып жүзеге асырады:
- тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлері (тауарлар туралы жеке тұлғаның ЖКД қолдануымен ауызша және жазбаша түрде жазылған өтініші);

- жеке пайдалануға арналған тауарлардың кедендік төлемдерден босатылу бағасы, саны және салмағы нормалары;

- жеке пайдалануға арналған тауарлардың жекелеген санаттарына арналған кедендік төлемдерді төлеуден босату жағдайлары;

- жеке пайдалануға арналған тауарларларға кедендік баждарды, салықтарды қолдану тәртібі;

- тауарлардың сипаты мен саны;

- жеке тұлғаның шекарадан өту және тауарлардың кедендік шекара арқылы өткізу жиілігі.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығымен «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар қолданатын тауарларға өткізілетін тауарларды жіктеу критерийлерін белгілеу» туралы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 12 бұйрығымен өзгертілген) тауарлардың сипаты мен саны, сондай-ақ тауарлардың жылжу жиілігі белгіленді.

1. Кеден одағының кедендік аумағына алып жүретін және алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатады, егер:

1) олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:

ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін ан терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;

ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2(екі) бірлік;

планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;

портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;

зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;

велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;

бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;

2) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса.

Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.

Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.

                                                                                                                            

ШҚО бойынша МКД «Бақты» кеден бекетінің жетекші маманы С.М. Хасенов