Жарияланған күні: 17.07.2025 17:48
Өзгертілген күні: 17.07.2025 17:52

Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Салық кодексіне сәйкес, жеке тұлғалар көлік салығын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін өз бетінше есептеп, төлеуге міндетті. 2025 жылы 2024 жылға есептелген салық төленуі тиіс.

Салық есептеулері ақпан–наурыз айларында қалыптастырылып:

  • kgd.gov.kz жеке кабинеті,
  • eGov, e-Salyq Azamat,
  • Kaspi мен Halyk қосымшалары арқылы жолданады.

2025-ғы 30 маусымдағы жағдай бойынша, көлік салығы бойынша берешек 498,9 млн теңгені,12 494 жеке тұлғаны құрайды, бұл жергілікті салықтар бойынша жалпы берешектің 97%-ын құрайды. 

Уақытында төленбесе хабарлама жіберіледі,өсімпұл есептеледі, іс жеке сот орындаушыларына (ЖСО) жолданады

- мүлікке тыйым салуы

- банк карталарын бұғаттауы;

- елден шығуға және көлік жүргізуге шектеу қоюы мүмкін.

2025 дың басынан бері 447 рейд өткізілді,582 борышкер 10,9 млн теңге көлемінде берешекті өтеді,9 865 қаулы ЖСО-ға берілді,  оның 7 691-і орындалды.