Жарияланған күні: 14.08.2025 15:40
Өзгертілген күні: 14.08.2025 15:43

2026 жылғдың 1 қаңтарынан бастап еңгізілген

қосылған құн салығы бойынша негізгі өзгерістер.

 

ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою түрлері:

- Ерікті қойылым,

- Міндетті қойылым,

- Шартты қойылым.

Міндетті қойылым:

Айналымның шекті шегі – жылдық айналымы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшеріне тең салық төлеушілер жатады.

ҚҚС төлеушіні есепке қою салық өтініші негізінде жүзеге асырылады, ол айналымның шекті шегінен асқан күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.

Айналымның шекті шегінен асатын мәміле жасалған жағдайда, салық төлеуші осындай мәміле бойынша айналым жасалғанға дейін салықтық өтініш береді.

Міндетті тіркеу есебіне қоюға жатпайды:

1) мемлекеттік мекеме;

2) Резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

3) жеке практикамен айналысатын адам;

4) арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші (оңайлатылған декларация негізінде, Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін және ШҚ);

5) жеке тұлға.

Сараланған ҚҚС ставкалары:

1) 16% - салық салынатын айналым мөлшерінен және ол салық салатын ипорттан

2) 5% - 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап және 10% - 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап:

- өткізу және импорт бойынша салық салынатын айналым мөлшерінен:

  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде өткізілген тауарларды қоспағанда, сондай-ақ орфандық ауруларды емдеуге арналған, дәрілік заттар;
  • медициналық бұйымдар, медициналық бұйымдарды жинақтау, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар.

- ТМККК және МӘМС шеңберінде, сондай-ақ орфандық ауруларды емдеу үшін өткізілгендерді қоспағанда, медициналық қызметтерді, оның ішінде кешенде көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналым мөлшерінен.

3) 10% - отандық мерзімді баспа басылымдарын өткізу бойынша айналым мөлшерінің.

Салық кодексінің 490 – бабында айқындалған шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін, аквамәдениет (балық шаруашылығы) өнімін өндіруді, қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін есепке жатқызылатын ҚҚС - тың қосымша сомасы-80%.

ҚҚС төлеушіні тіркеу есебінен шығару

Салық төлеуші салық төлеушінің тіркеу есебінен алынады:

1) Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен арнаулы салық режиміне (АСР) көшкен кезде;

2) Салық төлеушінің қызметі тоқтатылғанда немесе таратылғанда.

Салық төлеуші салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен СТН-ға ауысқан кезде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламамен бір мезгілде салық органына тарату салық есептілігін ұсынады.

Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру

Салық кодексінің 88-бабына сәйкес Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұруды салық органы бір жұмыс күні ішінде келесі жағдайларда жүргізеді:

1) салық органы тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша айналымның нақты жасалғанын растау туралы хабарламаны орындамаған немесе орындалмаған деп тану туралы шешім шығарған;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жерін растау туралы хабарлама орындалмаған;

3) алдыңғы алты ай ішінде қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті өз бетінше ұсынбаған;

4) қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті ұсыну қайта басталған күнге дейін осындай салықтық есептілікті табыс етуді осындай салықты төлеуші тоқтата тұрған;

5) дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;

6) заңды тұлғаны қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;

7) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;

8) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны хабарсыз кеткен деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген;

9) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның қайтыс болғаны немесе қайтыс болды деп танылғаны туралы нөмірлер тізілімінен мәліметтер келіп түскен;

10) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238 немесе 245-баптары бойынша осы заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің қызметі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған сот актісі заңды күшіне енген;

11) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаны іздестіру туралы қаулы шығарылған;

12) болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруға байланысты емес екендігі не заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) немесе дара кәсіпкер болып табылатын шетелдік жеке тұлғаның немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында болуының рұқсат етілген мерзімінің өткені туралы мәліметтер келіп түскен;

13) дара кәсіпкер әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген;

14) бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) қосылған құн салығын төлеуші-заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын салық төлеуші әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген;

15) салық төлеуші камералдық бақылау нәтижелері бойынша болжамды алшақтықтар туралы хабарламаны орындамаған.

Салық органы көрсетілген жағдайларда осындай тоқтата тұру себептері жойылған, тоқтатылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін тоқтата тұрудың күшін жояды.