Тауарларды электронды декларациялаудың «АСТАНА-1» АЖ-нің қанатқақты бағдарламасын ендіру жайлы

Кедендік әкімшілендіруді жетілдірудегі өзекті мәселенің бірі тауарларға арналған декларацияны ұсыну кезінде адам факторын болдырмауға мүмкіндік беретін электронды декларациялауды енгізу. Электронды декларациялау жүйесін жүзеге асыру үшін кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің біріктірілген кеден компонентін ендіру туралы шешім қабылданды. Бұл ақпараттық жүйе (АСТАНА-1 АЖ) Бүкіләлемдік сауда ұйымына нормаларына және халықаралық стандарттарға сәйкес, 90-нан астам елдерде белсенді қолданылатын ASYCUDA бағдарламасы негізінде жасалған.

2015 жылдың желтоқсаны мен 2016 жылдың маусымы аралығында АСТАНА-1 бағдарламасын электронды декларациялаудың толық кезеңін (алдын ала кедендік амалдар мен тауарды босатқанға дейін) Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық аппаратында жасау және орнату жұмыстары жүргізілді.

2016 жылдың шілдесінен бастап Астана, Алматы қалалары және Алматы, Қарағанды облыстар бойынша МКД базасында қанатқақты сынақтар басталды.

Басқа аумақтарда осындай сынақ бастамалар 2017 жылдың қаңтарынан жүргізілуде. 2017 жылдың 15 наурызынан бастап жоба Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басталуы жоспарлануда, ал 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап «АСТАНА-1» АЖ-нің өндірістік енгізілуі қарастырылып отыр.

Жоғарыда айтылғанға сәйкес, ресімдеу амалдарын және ресімдеу барысында құжаттарды ұсынуды зерттеу және оқыту мақсатында, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғаларды және кеден өкілдерін өз ықтиярымен «қанатқақты бағдарламаға» (пилоттық бағдарлама) қатысуға шақырамыз.

Мемлекеттік кірістер комитетімен қателермен ескертулерді жолдау үшін аумақтар бойынша электрондық мекен жайлар құрылды, Қостанай аумағы үшін asycuda.pilot2@gmail.com электрондық мекен жайы құрылды, осы мекен жайға өздеріңіздің ескертпелеріңізді жіберулеріңізге болады.

Декларацияларды толтыру бойынша тұсқаумен келесі сілтемерел арқылы таныса аласыз:

Портал - http://212.154.167.54:8080/content.jsf?c=videolessons

Ютуб -  https://www.youtube.com/watch?v=2znMeIWily8

 https://www.youtube.com/watch?v=p_37KHUhaMw

(сілтемелер интернетке қосылған кезде ғана жұмыс істейді).

Барлық сұрақтар бойынша Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 183 мекен жайы бойынша немесе 53-58-71, 53-74-09 телефондары бойынша хабарласуға болады.

Жарияланған күні: 27.02.2017 12:41
Өзгертілген күні: 16.08.2017 14:43