Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Чек талап ет те–жүлде ұтып ал!» акциясын өткізуде.

Акция тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда азаматтардың мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Біздің еліміздің барлық азаматтары қоғамдық бақылауға қатысуға, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алушы ретінде өз мүдделерін қорғауға және сонымен қатар бағалы сыйлықтар алуға мүмкіндік береді. Акцияға кез-келген қазақстандық қатыса алады. Сатып алынған тауарлар, жұмыс және қызмет үшін түбіртекті суретке түсіру  арқылы  Wipon мобильді қосымшаға жіберу қажет. Wipon қосымшасын  GooglePlay немесе Appstore арқылы көшіріп алуға болады.

Жарияланған күні: 23.11.2018 17:22
Өзгертілген күні: 23.11.2018 17:22