Жарияланған күні: 16.05.2019 09:28
Өзгертілген күні: 22.11.2019 15:07

Тәуекелді басқару және салық төлеушілерді санаттарға бөлу

 

         2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілерді (салық агенттерін) қызметін тәуекел дәрежесі төмен, орташа немесе жоғары санаттарға жатқызу арқылы оларды санаттарға бөлу және салықтық әкімшілендіру шараларын саралап қолдану енгізілген.

         Салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіруі мүмкін және (немесе) нұқсан келтіре алатын салықтық міндеттемені орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы тәуекел болып табылады.

         Салық органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану мақсаттары:

      1) назарды тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

   2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді ұлғайту;

     3) қызметі бойынша тәуекел дәрежесі төмен деп айқындалған салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты салықтық бақылауды барынша азайту.

         Салық органдары салық төлеушілер (салық агенттері) ұсынған салықтық есептіліктің деректерін, уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті тұлғалардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа құжаттарды және (немесе) мәліметтерді талдауды жүзеге асырады.

         Салық органдары осындай талдау нәтижелерінің негізінде:

         салық төлеушілерді (салық агенттерін) қызметін тәуекел дәрежесі төмен, орташа немесе жоғары санаттарға жатқызу арқылы оларды санаттарға бөлуді;

      салық заңдылығының нормаларымен қарастырылған салықтық әкімшілендіру шараларын саралап қолдануды жүзеге асырады.

         Тәуекелдерді басқару жүйесі салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезінде пайдаланылады және тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесі қолданыла отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

 

Түсіндіру жұмысы басқармасы