Жарияланған күні: 14.06.2019 14:30
Өзгертілген күні: 22.11.2019 13:59

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары

 

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатты күрес барлық мемлекеттік органдардың қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

         Осы мемлекеттік қызметке келтірер кеселдің алдын алу мақсатында, Мемлекеттік кірістер органдарында, оның ішінде, Зайсан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды шаралар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Басқармада сыбайлас жемқорлық және лауазымдық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және қызмет әдебін сақтау жөніндегі кұрылған комиссия тұрақты түрде жұмыс жасайды.

         Күнделікті жұмыс барысында өткізілетін жедел отырыстардың күн тәртібіндегі өзекті бір мәселесі болып, жемқорлықтың алдын алу, заңға қайшы әрекеттерді жасамау, болдырмау, фактілер болса әшкерелеу, куресу   қатаң тапсырылып, талап етіліп отырады.          

         Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет және күрес туралы құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен 25 дөңгелек үстел, семинар, оқу сабақтары мен кеңестер  өткізілді. Отырыстарда жемқорлықтың пайда болу, даму, таралу жолдары, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу, оған қоғам болып қарсы тұру қажеттігі айтылды. Осы жолда өзгелерге үлгі болу, халықтың сеніміне ие болу,  адами қалып-парасат биігінен көріну қасиеттерін басқарма қызметкерлерінің бойына сіңіре білу мақсатында, үлкенге құрмет, кішіге ізет ұстанымымен тәрбиелік мәні бар баяндамалар жасалып, пікірталастар орын алды.

         Ұжымның моралдық-психологиялық ахуалын қалыпты деңгейде ұстау мақсатында қызметкерлермен жеке және ұжымдық әңгімелесулер үнемі өткізіліп отырды.     Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi заңмен бекітілген мерзімге сәйкес уақытында қаралады. Құжаттар беру кезінде белгіленген ереже қатаң сақталады, оған жауапты тұлғалар белгіленген, қатаң бақылау жүргізіледі.

Салық төлеушілер салық заңдылығы бойынша, Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері тарапынан заң бұзушылық әрекеттері немесе әрекетсіздігі туралы мәлімдеу үшін 21-610 нөмірлі сенім телефоны бекітілген.

         Сыбайлас жемқорлық сияқты қасіретті тек қана мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңу мүмкін емес. ҚР Салық Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында салық төлеушілер арасында өткізілетін семинар-кеңестерде де айтылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары салық төлеушілер арасында да жемқорлыққа көнуге болмайтын оң нәтижеге қол жеткізері даусыз.

         Сондықтан, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі, әрі кешенді сипат алған және ол негізгі басымдықтың бірі болып табылады.

                          

  Зайсан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Зкриянов