Жарияланған күні: 18.06.2019 17:07
Өзгертілген күні: 18.06.2019 17:08

СЭӘ қатысушы салық төлеушілердің  назарына!

 

Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті құрылымдарын қайта құру шеңберінде аумақтық органдарда, оның ішінде ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінде Экспорттық бақылау басқармалары құрылғанын хабарлайды.

Экспорттық бақылау басқармасы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы экспорттық бақылауға жататын өнімдердің өткізілуін бақылауды әкімшілдендіруді және Қазақстан Республикасы ратификациялаған, баждың төмендетілген мөлшерлемелері, сондай-ақ осындай мөлшерлемелердің мөлшері (тізбедегі тауарлар) қолданылатын үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды шығаруға жол бермеу мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарды іске асыруда қабылданған Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

ҚР ҚМ МКК-нің 2018 жылдың 11 қазанындағы тапсырмасына сәйкес осы айтылған басқарманың лауазымды тұлғалары 2018 жылдың 22 қазанынан бастап Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының «Ауыл», «Убе», «Жезкент», «Байтанат» и «Қоянбай» - 5 автомобилдік өткізу пункттерінде орналастырылғанын хабарлайды.

Жоғарыда айтылғанға қосымша, ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны (320.00 нысан) және Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (328.00 нысан)салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін ұсынуға міндетті екенін естеріңізге саламыз.

Сонымен қатар, импортталғанн тауарларға ҚҚС 12% мөлшерімен салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей төленеді.