Жарияланған күні: 14.05.2019 16:44
Өзгертілген күні: 22.11.2019 15:07

Мемлекеттік қызмет саласындағы

сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

 

Біздің елімізде қазіргі заманға сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істейді, оның негізі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "Мемлекеттік қызмет туралы" заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар әзірленді және іске асырылуда, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы маңызды үрдістерді "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты", "100 нақты қадам" Ұлт жоспары және Қазақстан халқына Жолдаулары қалыптастырды, онда Бірінші Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қауіпсіздіктің тікелей қаупі болатын сыбайлас жемқорлықты жою бойынша нақты мақсаттар мен міндеттер қойды, осы бағыттағы жалпы күш-жігерді біріктірудің өзекті бағдарлары мен қағидаттары белгіленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда негізгі екпін жүйелі профилактикалық жұмысқа және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиімді шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, соттардың және құқық қорғау органдарының жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі аса маңызды басымдық олардың халықпен, бизнеспен, азаматтық сектормен, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықпен және БАҚ-пен белсенді өзара қарым-қатынасы болды.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес игіліктерді заңсыз алу жүріп жатыр, оның нәтижесі қоғам мүдделерін бұзу және мемлекеттік билік беделін төмендету болып табылады.

Сондықтан мемлекет қызметтік өкілеттіктерді пайдакүнемдік мақсатта пайдалануды тиімсіз және мүмкін емес болатындай барлық шараларды қабылдап, одан әрі де жағдай жасайтын болады.

Осындай маңызды шаралардың бірі мемлекет қызметшілердің өз кірістерін ғана емес, сондай-ақ шығыстарын да декларациялауы болады. Алдағы уақытта мұндай декларациялау барлық халыққа таратылатын болады, бұл заңдылықты сақтауға және мемлекеттік қызмет жүйесінде ашықтықты қамтамасыз етуге оң әсер етеді.

Мемлекеттік қызметшілердің сатылмауы және олардың қызметінің ашықтығы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат табыстылығының негізі.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алғышарттарының бірі шенеуніктің азаматпен тікелей қарым-қатынасы болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді алу процедурасы оңайырақ және ашық болған сайын, сыбайлас жемқорлық деңгейі соғұрлым аз. Осыған байланысты бірқатар мемлекеттік функцияларды мемлекеттік емес секторға – өзін-өзі реттейтін ұйымдарға кезеңмен беру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Адам факторының әсерін заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану да азайтады. Нәтижесінде халыққа электрондық форматта көрсетілетін қызметтер көлемі артады. Әлеуметтік сфераның базалық салаларында, білім беру мен денсаулық сақтауды қоса алғанда, электрондық түрде тиісті қызметтер көрсету сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал ететін болады.

Қызметтің неғұрлым сыбайлас жемқорлық саласына жататын мемлекеттік сатып алу жүйесі жаңғыртылатын болады. Осы жерде әрбір төртінші сыбайлас жемқорлық қылмысы жасалады. Жағдайды түбегейлі жақсарту үшін бірыңғай операторды бекіту, тауарларды автоматты түрде іріктеуді енгізу, орындалған жұмыстар мен қызметтерді қабылдау рәсімдерін жетілдіру сияқты шаралар талап етіледі.

Мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету үшін мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің кеңеюіне қарай шенеуніктердің жалақысы мен әлеуметтік жеңілдіктерін одан әрі кезеңмен арттыру көзделген. Бұл мемлекеттік қызметшілердің еңбегінің бағалануы жеке сектормен салыстырғанда әзірше бәсекеге жеткіліксіз болып қалатындығын ескере отырып қарастырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процедуралары, оның ішінде кеден, салық салаларында, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, банк қызметі саласында барынша автоматтандырылатын болады.

"Бір терезе" қағидаты бойынша халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі да тұрақты түрде кеңейтіледі (ХҚКО арқылы).

Жалпы, ашықтық қағидаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда негізгі фактор болып табылады, сондықтан оны енгізу жөніндегі жұмыс тұрақты, жүйелі түрде, соның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қол жетімділігіне мониторинг жүргізу жолымен жүргізілетін болады.

Сыбайлас жемқорлық қоғам өмірінің барлық салаларына: экономикаға, әлеуметтік салаға, саясатқа кері әсерін тигізеді. Осы құбылыстан туындайтын теріс салдарлар қоғамның прогрессивті, үдемелі дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, елдің ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне елеулі қатер төндіреді.

Сыбайлас жемқорлық жаңа заманауи жағдайларға бейімделе отырып, онымен күресу тәсілдерін үнемі өзгертуді талап етеді. Сыбайлас жемқорлық ауқымы өсе келе, елеулі қауіп төндіреді. Ол азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімін бұзады, нәтижесінде тәуелсіз мемлекет ретінде елдің өмір сүруіне қауіп төндіреді, сондықтан осы әлеуметтік қолайсыз құбылысқа қарсы тұру - мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың міндеті.

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік әрбір қазақстандық азаматының ұстанымы, ал адалдық пен сатылмаушылық – мінез-құлық нормасы болуы тиіс. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитеті болмай, оны көпшілік алдында мінажат етпей, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Орталық кеден зертханасының (бұдан әрі – ОКЗ) лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру үшін, тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін білуіне құқықтық оқу шеңберінде дәрістер өткізіледі.

Ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің өкілдерін және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандарын шақырумен кәсіби негізде кездесулер өткізіледі, олар азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау механизмдерін қолжетімді және білікті ашып көрсетеді.

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ережелеріне" сәйкес, ОКЗ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі, анықталған тәуекелдер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін енгізілген ұсынымдарды орындау бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жойылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайларды және заңды басқа да бұзушылықтарды жоюға бағытталған іс-шаралар жоспарын орындау үшін мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілерімен таныстыру сабақтары және медиатехниканы пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының фактілері бойынша сот процестерін көрсете отырып ақпараттық сағаттар өтеді.

ОКЗ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған әлеуметтік сауалнамалар, сауалнамалар жүргізіледі, мерзімді түрде БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта мақалалар жарияланады.

Жұмыс кабинеттерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ақпараты бар ақпараттық стендтер, кедендік сарапшылардың жұмыс сапасы бойынша шағымдар мен ұсыныстарға арналған телефондар мен мекен-жайлар орналасқан.

Аталған іс-шаралар ОКЗ лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білім беруге, ақпараттық жұмыстарды жүргізуге ерекше көңіл бөлінген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын құру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде түсіну және қабылдамау – бүкіл қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі.

 

 

                                                                                                             ҚР ҚМ МКК ОКЗ

                                                                                                             Өскемен  қаласындағы

                                                                                                             физика-химиялық

                                                                                                             зерттеулер бөлімінің

                                                                                                             басшысы  С. Никонова