Жарияланған күні: 28.09.2018 18:37
Өзгертілген күні: 28.09.2018 18:45

 

«Квазимемлекеттік сектордағы құқықбұзушылықтардың жолын кесу, алдын алу, өзекті мәселелер» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті

 

Ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте ШҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінде «Квазимемлекеттік сектордағы құқықбұзушылықтардың жолын кесу, алдын алу, өзекті мәселелер» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына ШҚО бойынша мемлекеттік іші аудит департаментінің басшысы С.Е.Мамаев, ШҚО бойынша мемлекеттік іші аудит департаментінің басшысының орынбасары Ж.Д.Жумжуменова, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының  бөлім басшысы м.а. Д.А.Жабин, «Ертіс» ӘКК ҰК»АҚ бөлім басшысы А.А.Крамаренко, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ШҚО филиалының директоры К.А.Жунусов және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ШҚО филиалының қауіпсіздік жөніндегі менеджері С.Ж.Ерғалиев қатысты.

Дөңгелек үстелдің жұмысын ШҚО бойынша МКД ЭТҚ  Жедел іздестіру қызметі басқармасының басшысы М.К.Омарбеков ашып, квазимемлекеттік сектордағы құқықбұзушылықтардың жолын кесу, алдын алу бойынша атқарылып отырған жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар өз баяндамасында ашылған құқықбұзушылықтар туралы айтып өтті.

Ағымдағы жыл басынан бастап бюджет және квазимемлекеттік секторда 94 құқықбұзушылық тіркелген, бұл өткен жылмен алыстырғанда 69 қылмыстық іске артық.

Анықталған құқықбұзушылықтардың көпшілігі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында ашылып отыр. Атап айтқанда: «Еңбекпен қамту 2020», «Кәсіпкер», «Агробизнес 2020», «Балапан», «ҚР АӨК дамыту», «Нұрлы жол», «ТҮКШ жетілдіру» бағдарламалары.  

Анықталған шығынның сомасы 911,1 млн. теңге құрып отыр, 54,2 млн.теңге тергеу барысында қайтарылса, шығынды өндіріп алу мақсатында 691,6 млн.теңгенің мүлкіне тоқтам салынды.

Құқықбұзушылықтар бюджет, квазмемлекеттік секторда, мемлекеттіксатып алулар саласында ашылып отыр.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының квазимемлекеттік сектордағы құқықбұзушылықтардың жолын кесу, алдын алу жолындағы өзекті мәселелер талқыланды.

 

 

Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, келесідегідей шешімдер қабылданды:

ШҚО бойынша мемлекеттік іші аудит департаменті, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы, «Ертіс» ӘКК ҰК»АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ШҚО филиалы және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ШҚО филиалы мен Экономикалық тергеу қызметі арасында квазимемлекеттік сектордағы құқықбұзушылықтардың жолын кесу, алдын алу мәселелері бойынша өзара байланысты нығайту.

Тұрақты түрде ЭТҚ мен  ШҚО бойынша мемлекеттік іші аудит департаменті, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы, «Ертіс» ӘКК ҰК»АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ШҚО филиалы және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ШҚО филиалы арасында бірлескен заңнаманы түсіндіруге бағытталған  профилактикалық ісшараларды өткізуге келісім жасалды.

ШҚО бойынша МКД ЭТҚ