Жарияланған күні: 11.01.2018 09:17
Өзгертілген күні: 11.01.2018 09:19

 

Құрметті салық төлеушілер!

 

Халықаралық жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушілердің 2018 ж. шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруі бойынша

 

2017 жылғы 25 желтоқсандағы №121-VI ҚРЗ Заңымен қабылданған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (әрі қарай - Салық кодексі) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілгенін назарларыңызға жеткіземіз.

Көрсетілген кодекстің шеңберінде, Салық кодексінің 412-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, халықаралық жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушілер шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру міндеттілігі жайлы норма енгізілгендігін хабарлаймыз (Салық кодексінің 412-бабы 3-тармағының 4-тармақшасы).