Жарияланған күні: 17.06.2019 16:37
Өзгертілген күні: 22.11.2019 14:12

ҚР ҚМ МКК ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен 2019 жылдың 12 маусымында  кеден өкілдері және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының қатысуымен «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталының жұмысы туралы» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Осыған ұқсас іс-шара Шығыс Қазақстан облысының Семей, Зайсан қалаларында  2019 жылдың 12 маусымында өткізілді.

   

Кіріспе сөзбен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден бекеттерінің басшылары сөйледі. Олар өз сөдерінде сауда рәсімдерін нақты оңайлату үшін кез келген Үкімет қызметінің басым бағыттарының бірі-кеден үдерістерін барынша автоматтау болып табылатындығын айтып өтті. Осы мақсатта Қаржы министрлігімен экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесі енгізілді.

Ағымдағы жылдың 27 наурызынан бастап «Бірыңғай терезе» сыртқы порталының іске қосылу жүйесін пайдалануға енгізудің бірінші кезеңі басталды, екінші кезеңді енгізу жүйенің қалған компоненттері пайдалануға енгізілген кезде, яғни ағымдағы жылдың 29 сәуіріне жоспарланып отыр.

 «Бірыңғай терезені» енгізу, СЭҚ қатысушыларына қажетті құжаттар мен рұқсаттарды жинау үшін әр түрлі инстанцияларда жүрудің қажеттілігі болмайтындай жағдай туғызады. Тек қана авторизациядан өту жеткілікті және бір портал арқылы қызметті электронды түрде ала алады.

Әрі қарай кеден өкілдері мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының назарына «Бірыңғай терезе» порталына енгізу қалай жүргізілетіндігі жете түсіндірілді.

«Дөңгелек үстел» отырысының соңында кеден бекетінің басшылары залдағы барлық қатысушыларға семинарға белсенді қатысқандықтары және Мемлекеттік кірістер департаментімен ынтымақтастықтары үшін ризашылығын білдірді.