Жарияланған күні: 22.05.2019 16:33
Өзгертілген күні: 24.10.2019 14:41

ҚР ҚМ МКК ШЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІ КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ

 

2019 жылы 21 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы орынбасарының м.а. Е.Ктановпен тікелей эфир болды.                                                                       

2018 жыл және 2019 жылдың төрт айы бойынша Департамент қызметінің қорытындысы, облыстық «Алтай» телеканалының көрермендерінің назарына жеткізілді. «Сандық Қазақстан» жұмысының нәтижелері және мемлекеттік қызметтер туралы айтылды.                          

Заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы ШҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы-Гульмира Сабралимова айтып өтті.    

Сонымен қатар, тікелей эфир қатысушылары өткізіліп жатқан «Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» акциясы туралы және онлайн-БКМ қолдану қажеттілігі, жалпыға бірдей декларациялау туралы айтып берді.                                  

Көрермендерге салық берешектерінің барлығы/жоқтығы туралы қалай білуге болады және Департаментпен жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары жайлы сөз қозғалды.  ШҚО бойынша МКД «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы (+7 701 602 73 44) түсініктемелер алу мүмкіндіктері айтылды.                                                                                                 

Облыстық «Алтай» телеканалының студиосына келіп түскен басқа да сұрақтарға жауап берілді.