Жарияланған күні: 14.08.2019 19:08
Өзгертілген күні: 21.11.2019 17:54

Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 5 жыл толуына орай, 2019 жылғы 14 тамызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен салтанатты шара өтті.      

Кіріспе сөзбен Департамент басшысы Бимағамбетов Саят Сайлаубекович сөз сөйледі, ол Департаменттің барлық қызметкерлерін мемлекеттік кірістер органдарының бірінші мерейтойымен құттықтады.  Саят Бимағамбетов Қазақстан Республикасының Үкіметінің жүргізген реформасы, біздің үлкен ұжымды біртұтас мемлекеттік органға біріктірді, оның алдына маңызды мемлекеттік міндет қойылды- бұдан әрі елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін бірыңғай тиімді мемлекеттік кірістер жүйесін құру екендігін атап өтті. Сонымен қатар, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Төрағасының құттықтау сөздері айтылды. Ол өз сөзінде соңғы 5 жыл ішінде салықтық және кедендік әкім­ші­лендіруді, ақпараттық жүйелер және мемлекеттік қызмет көрсету салаларын жетілдіруде біздің тарапымыздан барынша көп жұмыстар атқарылғандығын, бұл шаралар төлемдер мен салықтарды жинау, бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар туғызу және сыртқы сауда айналымын ынталандыру міндеттері арасында қажетті теңгерімді қамтамасыз еткендігін айтты.

 

 

 

 

 

 

  Бұдан әрі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының 5 жылдығын мерекелеу барысында, Департаменттің бірқатар қызметкерлері мемлекеттік кірістер органдарындағы үздік қызметі үшін марапатталды.Салтанатты кездесудің соңында С.С.Бимағамбетов тағы да барлық әріптестерін құттықтап, оларға зор денсаулық, бақыт және отбасыларына амандық тіледі!