Жарияланған күні: 19.06.2019 17:39
Өзгертілген күні: 19.06.2019 17:41

БЖТ қайда және қалай төлеуге болады?

 

Бірыңғай жиынтық төлем (әрі қарай-БЖТ) төлеу жалпы сомада екінші дәрежелі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аудару жолымен жүргізіліп жатыр.

БЖТ сомасын есептеп аудару үшін мемлекеттік корпорациясымен банктік шот ашылды:

Атауы

Жаңа реквизиттері

Бенефициар

ҰАҚ "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы

Банк бенефициар

ҰАҚ "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы

БСН бенефициара

БСН 160440007161

 

БСК бенефициара

БСК GCVPKZ2A

 

ЖСК бенефициара

KZ47009ESP0163609911

 

МТ-102 форматтағы төлем тапсырмасында жеке сәйкестендіру нөмері, аты-жөні, тегі (бар болған жағыдайда), туылған күні, бірыңғай жиынтық төлемді төлеу мерзімі (айы, жылы), сонымен қатар бірыңғай жиынтық төлемді төлеу сомасы 1 АЕК (2525 тенге мөлшерінде) — республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астана немесе 0,5 АЕК (1262,50 тенге мөлшерінде)  – басқа елді мекендерге сәйкес көрсетілуі тиіс.

Төлемдер жаңа шотқа түскен кезде, төлем тапсырмасында көрсетілген реквизиттері тексерілетін болады.

Дұрыс өңделген жағдайда жиынтық, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелерінің шоттарына таратылады. Жеке табыс сомасы төлеушінің тұрақты тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мекен жайына МТ -100 форматында төлем тапсырмасы қалыптастырылатын болады, мына реквизиттер бойынша:

- Алушы (бенефициар) – аумақтық Мемлекеттік кірістер органының атауы (анықтамаға сәйкес);

- БСН бенефициары (анықтамаға сәйкес);

- ЖСК KZ24070105KSN0000000 Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі Қазынашылық комитеті;

 БСК KKMFKZ2A;

 БеК 11;

 БСК 101202;

 ТТК 183 – Бірыңғай жиынтық төлем өз-өзін жұмыспен қамтыған халық үшін;

 ТТК 184 – Қате аударылған немесе қате есептелген бірыңғай жиынтық төлем сомасын өз-өзін жұмыспен қамтыған халыққа қайтару үшін.

Бірыңғай жиынтық төлем кіріс түскен әр айға жеке-жеке көрсетіліп төленуі тиіс.

 

Түсіндіру жұмысы басқармасы.