Жарияланған күні: 14.06.2019 15:31
Өзгертілген күні: 22.11.2019 14:12

Алкоголь өнімдерін өткізуге арналған лицензияны пайдалануға төлемақыны төлеу мерзімі және тәртібі

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жекелеген қызмет түрлерімен айналасуға лицензияны пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу (бұдан ары-төлем) мерзімдері туралы ескертеді.

Төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.

Салық кодексінің 555-бабы 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлерін, яғни ойын бизнесі саласында, алкоголь өнімдерін сақтау және өткізу бойынша жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілері болып табылады.

Төлемақы әр қызмет объектісі бойынша төленеді және алкоголь өнімдерін көтерме саудада өткізу 200 АЕК құрайды, ал алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізушілерге астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында -100 АЕК, басқа да қалалар мен кенттерде – 60 АЕК, ауылдық елді мекендерде-20АЕК төлемақы мөлшері белгіленген.

Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.

Төлемақы 105434 БСК төленеді.

Сонымен қатар, егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады.

Осылайша, 2018 жылдан бастап алкоголь өнімдерін сақтауға және өткізуге лицензия алған тұлғалар, қызметтің уақытша немесе маусымдық сипатына қарамастан, мұндай лицензияны пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілері болады.  

Сәйкесінше, осындай тұлғалармен төлемақы сомалары  өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын, лицензияны алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылынан бастап төленеді.

Осы қызмет түрлеріне лицензияны алу кезінде төленетін лицензиялық алымдар бойынша мөлшерлемелер мен салық салу объектілері өзгерусіз қалатындығын айта кету қажет.