Жарияланған күні: 12.08.2019 17:43
Өзгертілген күні: 21.11.2019 17:54

 

2019 жылғы 10 тамызда  Өскемен  қаласындағы «Алтай» стадионында мемлекеттік кірістер органдарының құрылуының 5 жылдығын мерекелеуге арналған Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлімшелері арасында шағын-футбол бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің біріншілігі өтті. Аталған біріншілікке 5 команда қатысты: «ШҚО бойынша МКД» (облыстық аппараттың басшылығы мен бөлімшелерінің құрама командасы), «Семей» (Семей қ.б.МКБ және «Семей» к/б құрама командасы), «Өскемен» (Өскемен қаласы бойынша МКБ құрама командасы), «Шекара» («Майқапшағай» к/б, «Бахты» к/б және ШҚО бойынша МКД ЭБҚ құрама командасы) және «Кеден» (кеден блогының құрама командасы). Жарысты салтанатты сөзбен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бимагамбетов Саят Сайлаубекович ашты, ол командалармен амандасып, алдағы турнирде барлығына сәттілік тіледі.

Командалар «шеңбер» түрінде ойнады, яғни әр команда бір-бірімен кездесті. Бірінші ойында «ШҚО бойынша МКД» және «Өскемен» командалары кездесті, қажырлы күресте 1:0 шотымен «Өскемен» командасы жеңді. «Семей» және «Кеден» ұжымдары арасындағы кездесуде жеңімпаз анықталмады, шот 1:1. Екінші айналымда «Кеден» және «Өскемен» командалары ойнады, ол да тең түсті 2:2. Сондай-ақ «ШҚО бойынша МКД» және «Шекара» командалары кездесті, қорытынды шот облыс пайдасына 1:0 болып шешілді. Үшінші айналымда «Өскемен» және «Семей» қалаларының ұжымдары ойнады, қажырлы күрестің соңғы минуттарында Семей қаласының қонақтары 1:0 шотымен жеңіп алды. Сонымен қатар бұрындары «Кеден» командасының бір ұжымын құраған «Шекара» және «Кеден» командалары кезікті, бірақ командалардың көп болуы үшін екі командаға бөлінді. Қорытынды шот 2:1 «Кеден». Кездесудің төртінші айналымының нәтижесі: «Шекара»-«Семей» 1:2, «ШҚО бойынша МКД»-«Кеден» 1:1. Бесінші соңғы айналымда «ШҚО бойынша МКД» және «Семей», сондай-ақ «Шекара» және «Өскемен» командалары кездесті. Бірінші кездесуде 2:1 шотымен Семей қ. ұжымы жеңімпаз атанды, командалардың екінші кездесуінде жеңімпаздар анықталмады, қорытынды шот 2:2.

 

Командалар арасындағы орындар келесідей бөлінді: 5 орын- «Шекара», 4 орын- «ШҚО бойынша МКД», 3 орын – «Өскемен», 2 орын-«Кеден» және 1 орын-«Семей» командасының ұжымы жеңіп алды, ол ШҚО бойынша МКД кубогымен марапатталды.