Жарияланған күні: 29.11.2016 15:47
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:36

Шетелдік қаржыландыру

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  26.07.2016ж. №12-VI Заңының шегінде және шетел көздерінен түсетін түсімдерге салықтық бақылау жасау мақсатында, 2016 жылдың 11 қазанынан бастап заңнамалық актілерге, соның ішінде Салық кодексінің 14, 20, 77, 557 және 627-баптарына тиісті түзетулер енгізілген.

Енгізілген өзгертулер Хабарламаны ұсынуды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына шетел көздерінен мүліктер мен (немесе) ақшаларды алу туралы тұлғалармен мәмле жасаған  салықтық тіркелімдерді қарастырады және келесі мақсаттарға:

1. заң көмегін көрсету, соның ішінде құқықтық ақпараттандыру, азаматтар мен ұйымдардың мүдделер өкілеттілігін және қорғалуын, сондай-ақ оларға кеңес беру;

2. аталған қызмет, коммерциялық мақсатта жүзеге асырылу жағдайынан   басқа алым, талдау және ақпаратты таратуға бағытталған.

Сонымен қатар, енгізілген өзгертулермен тиісті заңға тәуелді актілер қарастырылған, соған сай мәліметтер және хабарламаларды ұсынудың тәртібі мен мерзімдері реттеледі.

Мысалы, Хабарлама мемлекеттік кірістер органдарына мәмле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынылады. Ақшаларды алу мен жұмсалуы және өзге де мүліктер туралы мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 күнінен кешіктірмей ұсынылады.

Шетел көздерінен қаражаттарды алу мен оларды жұмсау туралы алынған мәлімет МКК интернет-ресурсында орналастырылады.

Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдар есебінен жарияланатын ақпараттар мен мәліметтер, дайындау туралы нұсқаулар, тарату немесе ақпараттар және мәліметтерді орналастыру, тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтің  болуын қажет ететіндігін атап өту қажет.

Бұл ретте, жүзеге асырылатын шаралар хабарландыру сипатта болады және салық төлеушілердің құқықтарын шектемейді, қаражаттардың алу, жұмсау рәсімдерінің айқындығына, сонымен қатар халықаралық міндеттемелерді орындауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне қосымша баптар енгізілді:                                                     

460-1-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу және олардың жұмсалуы туралы мәліметтерді беру тәртібін бұзу

1. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу туралы мемлекеттік кіріс органдарын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде және жағдайларда хабардар етпеу, сондай-ақ оларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау - жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтер беру – қызметке тоқтата тұра отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

460-2-бап. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын тұлғалардың материалдарды жариялау, тарату және (немесе) орналастыру тәртібін бұзуы                      1. Шет мемлекеттермен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен, шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адам дармен қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау туралы жасалған шарттар негізінде, тапсырыс берген тұлғалар және осы жарияланымды жариялау, тарату және (немесе) орналастыру қандай қаражаттан төленгені туралы мәліметтерді қамтымайтын материалдарды жариялау, тарату немесе орналастыру – ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Барлық туындаған мәселелер бойынша тіркеу орны бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге ұсыныс береміз.

 

Бұйрықтар: