Жарияланған күні: 18.09.2018 12:17
Өзгертілген күні: 18.09.2018 12:18

 

Құрметті салық төлеушілер!

 

           Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, азаматтарға  мәлімет үшін келесіні хабарлайды:

           Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, Өскемен және Семей қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының (бұдан әрі -МКБ) қызмет көрсету орталықтарында, сонымен қатар көрсетілген МКБ-ның жергілікті салықтар  (жер, мүлік, көлік салығы) бойынша жеке тұлғаларға қызмет көрсететін қызметкерлерге  жаңа жұмыс ережесі енгізілді: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден бастап жұма бойынша сағат 9:00 ден 20:00-ге дейін түскі асқа үзіліссіз.

            Қызмет көрсетулер келесі мекен жайларда жүзеге асырылады: 

            Өскемен қаласы бойынша МКБ-сы, Тәуелсіздік  даңғылы 86:

«Ақпараттарды қабылдау және беру орталығы» -3 қабат;

«Жеке тұлғалармен жұмыс бөлімі» - 4 қабат.

            Семей қаласы бойынша МКБ-сы, Абай алаңы, 3 :

«Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» - Орталық ғимаратының 2 қабаты;

«Жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерін әкімшілендіру бөлімі» - Орталық ғимаратының 1 қабаты, № 1 кабинет.