Жарияланған күні: 24.05.2018 11:54
Өзгертілген күні: 13.07.2018 12:49

 

Кәсіпкерлік қызметте бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі туралы

 

Тұрғындар сауда жасауда, қызметтерді сатып алу барысында бақылау-касса машиналардың қолданылуымен және чектер алумен ұшырасады. Бұл жағдай қалыпты және түсінікті сияқты болып көрінеді. Сатып алушы сауда орталығына келіп, сауда жасап, өзіне керек тауарды сатып алады немесе оған қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдаланып, есеп айырысулар арқылы қызмет көрсетілді де, оған чек беріледі. Көптеген сатып алушылар сатушылардың чек бермегеніне аса көп мән бермейді. Чек бермей, қызмет жасап тұрған субъект өзінің алатын табысын азайтып көрсете алады, бұл өз кезегінде бюджетке түсетін салықтардың толық түспеуіне әсер етеді. Соған байланысты барлық азаматтарға, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы демалыс базаларына («Алакөл», «Көгілдір шығанақ» т.б.) демалуға келген қонақтарға тауарларды сатып алу кезінде, қызметтер көрсетілген жағдайда, міндетті түрде чек берілуін талап етіңіздер дейміз. Өйткені, чек берілуін талап ете отырып, Сіз тек өз мүддеңіз бен құқықтарыңызды ғана қорғамайсыз, сонымен қатар мемлекетіміздің бюджетіне салықтардың түсуіне де ықпал етесіз.  

Сонымен бірге, қолданыстағы салық заңнамасында кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалардың барлығында бірдей бақылау-касса машиналарын пайдалану туралы міндеттемелер туындамайтындығы туралы ереже қарастырылғандығын ескерте айтамыз.

Салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолма қол ақша немесе төлем карточкалары пайдаланылған есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiлетіндігін хабарлаймыз.

Сондай-ақ, ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша міндеттемелер келесі тұлғалар үшін қарастырылмаған: жеке тұлғалар, адвокаттар мен медиаторлар, патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып, ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде, арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) қызметі (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 166-бабы 2-тармағының 1-3-тармақшалары).

01.01.2018 ж. бастап салық органдарында бақылау-касса машиналарын тіркеу бойынша қойылатын талап өзгерді, яғни ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде қызмет жасайтын салық төлеушілерді қоспағанда, салық органдарында модельдерi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары пайдаланатын жері бойынша салық органдарында есепке қоюға жатады (Салық кодексінің 167-бабының 1-тармағы).

Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары бақылау-касса машиналарымен жарақтандыруға жатады.

01.07.2015 ж. бастап бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін және 01.01.2016 ж. бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 06 бұйрығымен бекітілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану міндеті қарастырылған.

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану міндеті туралы ережелер қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерге қолданылмайды.

Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:

1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;

2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;

3) бақылау-касса машинасына салық органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Сонымен бірге бақылау-касса машинасының чегі мынадай ақпаратты қамтуға тиіс:

1) салық төлеушінің атауы;

2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі;

4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі;

5) чектің реттік нөмірі;

6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақыт;

7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы және (немесе) сатып алу сомасы;

8) фискалдық белгі;

9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауы және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелері.

Салық төлеушiнiң жауапты тұлғасы бақылау-касса машинасын пайдаланған кезде:

1) бақылау-касса машинасын пайдалану бойынша нұсқауға сәйкес ақшалай есеп айырысу туралы ақпаратты енгізуді жүзеге асырады;

2) электр энергиясы болмаған немесе бақылау-касса машинасында ақаулар болған жағдайда тауарлық чек толтырады және береді;

3) фискалдық деректердің операторы ұсынатын телекоммуникациялар желісі уақытша болмаған жағдайда, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының автономды жұмыс режимін пайдаланады;

4) қолма-қол ақша есебiнің кiтабын толтырады;

5) ауысым аяқталған кезде бақылау-касса машинасының моделін дайындаушының техникалық талаптарына сәйкес ауысымдық есепті алу (Z-есеп) жолымен "ауысым соңы" рәсiмiн орындайды.

Сонымен, Қазақстан Республикасының азаматтары қолма кол ақша немесе төлем карталарын пайдалану арқылы тауарлар, жұмыстар, қызметтер  сатып алу бойынша есеп айырысулар кезінде сатушыдан сатушы мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын құжат - бақылау-касса машинасы чегінің берілуін талап ете алады және сатушы бақылау-касса машиналарын пайдалану бойынша міндеттемесі болған жағдайда сатып алушыға чекті ұсынуы тиіс. Сатушы электр энергиясы болмаған немесе бақылау-касса машинасында ақаулар болған жағдайда тауарлық чек толтыруға және беруге міндетті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014-жылғы 5-шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексімен (284-бап) сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану – ескерту жасауға әкеп соғатындығы туралы әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығын хабарлайды.

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жоғарыда аталған қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен бірге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін бермеу не бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін тауарға немесе көрсетілетін қызметке төленген сомадан артық немесе кем сомаға беру ескерту жасауға әкеп соғатындығын хабарлаймыз.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жоғарыда аталған қайталап жасалған іс-әрекет - жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Соған байланысты, тұрғындарды тауарлар, қызметтер және жұмыстарды тұтынушы ретінде өз мүдделеріңізді қорғап, сатып алынған тауар немесе қызмет үшін бақылау-касса машинасы чегінің берілуін талап ету арқылы азаматтық белсенділікті арттырып, мемлекеттіміздің бюджетінің толығуына ықпал етуге шақырамыз. 

Салық төлеушіде (сатушыда) бақылау-касса машиналарын кәсіпкерлік қызметте пайдалану бойынша міндеттемелері болып, бақылау-касса машинасы чегі берілмеген жағдайда, азаматтар мемлекеттік кірістер органдарына нақты фактілер және жағдайларды көрсете отырып, бұзушылықтарға шағым бере алатындығын мәлімет ретінде хабарлаймыз.