Жарияланған күні: 13.07.2018 12:53
Өзгертілген күні: 13.07.2018 12:54

 

Қосылған құн салығы бойынша қосымша есепке алуды қолданатын салық төлеушілер бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы

 

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156-VІ ЗРК Заңымен Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 194, 411 баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін хабарлайды.

Салық кодексінің 411-бабында көзделген қызметтің түрлерінен басқа осындай салық төлеуші басқа қызмет түрлерін жүзеге асырған жағдайда, Салық кодексінің 411-бабына сәйкес қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) бойынша қосымша есепке алуды қолданатын салық төлеушінің ҚҚС бойынша бөлек декларациясын ұсынуы бөлігінде Салық кодексінің 194 бабына өзгерістер енгізілген.

Салық кодексінің 411-бабына осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомаларын анықтау үшін осы бапта көзделген қызмет түрлерін және басқа да іс-шараларды жүзеге асыратын салық төлеушілерге арналған ережелер енгізілген.

Сондай-ақ, Салық кодексінің 411-бабының 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызуға рұқсат етілмеген ҚҚС сомаларын анықтауға арналған формула қарастырылған.

Бұл ретте, Салық салынбайтын айналымдар болған кезде өзге де қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы осы Салық кодексінің 408 және 409 баптарына сәйкес ескеріле отырып айқындалады.

 

 

Түсіндіру жұмыстары басқармасы