Жарияланған күні: 05.10.2017 17:26
Өзгертілген күні: 09.10.2017 17:42

Жанар Қәбдіқадырқызы Шамшина - Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адам ресурстары басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы.

Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары: әдеп нормаларын бұзуын алдын-алу, мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын мен мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлықтың стандарттары бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, Әдеп кодексінің талаптарын орындау бойынша бақылауды жүргізу, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдау, ұжымдағы оң моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін қалыптастыру.

Сонымен қатар, қызметшілермен байланыста болған және де потенциалдық мүдделер қақтығысы орын алған немесе басқа да әдеп жөніндегі сұрақтар туындаған  жағдайларда әрбір азамат консультация алу үшін әдеп жөніндегі уәкілге өтініш бере ала ды.

Байланыс ақпаратымыз: ШҚО Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 27 үй, кабинет 216, телефон 8/7232/70-10-54.

Азаматтарды әр айдың ақырғы жұма күнінде алдын-ала жазба түрінде қабылдау жүргізеді.