Жарияланған күні: 14.09.2018 09:16
Өзгертілген күні: 14.09.2018 09:22

 

«АСТАНА-1» АЖ ҚОЛДАНЫСТА

 

Барлығына белгілі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті электрондық декларациялауды дамыту мақсатында «Ұлт жоспарының» 38 және 39 қадамдарын жүзеге асыру шеңберінде «АСТАНА-1» АҚ («АСТАНА-1» АҚ) кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі  әзірленді және енгізілді.

Жаңа ақпараттық жүйе ДСҰ нормаларына, халықаралық стандарттарға және алдыңғы қатарлы тәжірибеге сәйкес әзірленді, экспорт және импорт үшін құжаттар санын қысқарды, сондай-ақ, оларды өңдеуде уақыт та азайды, бұл 90-нан астам елдерде белсенді қолданылуда.

Электрондық декларациялау сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға үйден не болмаса офистен шықпай-ақ, логин мен электронды-сандық қолтаңбасы болған жағдайда, әлемнің кез-келген нүктесінен кедендік декларацияны беруге мүмкіндік болады.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аймағында 558 СЭҚ қатысушы «АСТАНА-1» АЖ табысты қолдануда. Олардың ішінде ірі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС бар. Департаментке  «Төте жол Шығыс» ЖШС, «Калина KZ» ЖШС  және т.б. «Ауыл шаруашылық өнімдер» ЖШС директоры К.М.Булекбаевтың  пікірінше: «Электрондық кедендік декларациялауға көшу - кедендік тазартудың мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді және кедендік декларациялау рәсімдерін жеңілдетеді, сонымен қатар, бизнеске оң әсер етеді».

Естеріңізге саламыз, қандай да бір қиындықтар туған жағдайда, «АСТАНА-1» АЖ анықталған қатені әзірлеушілерге жіберуге болады. Кеден бекеттерінің мамандары да кеңес береді. Бұдан басқа, Мемлекеттік кірістер комитетімен Tеlegram әлеуметтік желісінің чаты құрылған және белсенді жұмыс істейді, онда жүйені кез келген қолданушы жедел түрде техникалық қолдау алуға, өзіңіздің сұрақтарыңызды қоюға, әзірлеушілерге және республикадағы кеден қызметінің басшыларына тікелей сұрақ қоюға, сондай-ақ, ұсыныстарыңызды беруге толық мүмкіндік бар. Көтерілген мәселелер шешілмей қоймайды және де жауапсыз қалдырылмайды, жаңа жүйені қолданушыларға көмек көрсетіледі.

Бүгінгі таңда, жасыл дәліз бойынша тауарларға арналған декларацияны өңдеуге және шығаруға, яғни, тәуекелсіз тауарларға кедендік тазартуға кететін уақыт 1 минуттан аспайды. Бұрын, осындай рәсімдерге орташа 50 минутқа дейін уақыт кететін, сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кеден органында жүктерді кедендік ресімдеу кезінде қатысу қажет болатын.

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2018 жылғы 8 ай ішінде экспорт рәсімі, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу, уақытша әкету, кері экспорт, Еркін қоймаға Одақ тауарларын орналастыру, ішкі тұтыну үшін шығару, кедендік аумақта қайта өңдеу, уақытша әкелу (рұқсат беру), кері импорт, Еркін қоймаға шетел тауарларын орналастыру, бажсыз сауда рәсімдері қимасында «АСТАНА-1» АЖ бойынша 7550 электрондық декларация ресімделді.

Президенттің айтуы бойынша, «Қазақстанға мемлекет пен бизнестің біріккен күші есебінен 10 жыл ішінде экономиканың жаңа саласы ретінде  цифрлық секторды құру қажет, бұл еліміздегі барлық салаға енуі тиіс».

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде атқарылып жатқан жұмыстар, алдына қойған міндеттерді орындауда оң нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

 

 

 

ШҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмысы басқармасы Кеден заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Г. Байқадамова