Date of publication: 24.03.2016 12:39
Date of changing: 14.05.2019 17:44

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымындағы № 348 бұйрығымен бекмен бектілген мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттері.

 

1) алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 04.10.2017 жылғы № 595 бұйрығымен;

 

2) «Жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебi» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

3) «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

4) алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 04.10.2017 жылғы № 595 бұйрығымен;

 

5) «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

6) «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

7) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

8) алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 16.05.2017 жылғы № 312 бұйрығымен;

 

9) алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 20.01.2016 жылғы № 21 бұйрығымен;

 

10) Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

11) «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

12) «Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

 

13) «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

14) «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

15) «Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

16) «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

 

 17) «Қазақстан Республикасының резинденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

 18) «Алкоголь өніміне (шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 19) «Темекі бұйымдарына акциздік таңбалар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

 

20) «Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

 

21) «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

 

23) «Салықтық есептілікті қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

24) «Салықтық есептілікті керi қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

25) «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

26) «Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

 

27) «Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

 

28) «Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;

 

29) алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 бұйрығымен;

 

30)  «Еуразиялық экономикалық одаққа тауарларды экспорттау (импорттау) кезінде салық нысандарын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

31)  «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

 32) «Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

33) «Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерiн, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілері мен тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

34) «Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

35) «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

36) «Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

37) алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 бұйрығымен;

 

38) «Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

39) «Тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

40) алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 16.05.2017 жылғы № 312 бұйрығымен

 

41) алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 бұйрығымен;

 

42) «Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалынып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

43) «Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

44) «Халықаралық тасымалдау көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

45) «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

46) «Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

47) «Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

48) «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

49) «Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

50) «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

51) «Кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

 

52) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін;

 

 53) алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 18.02.2019 жылғы № 119 бұйрығымен;

 

54) «Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.