Date of publication: 12.08.2019 15:15
Date of changing: 21.11.2019 17:53

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомаларын есептен шығару және 2018 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он бес жылдан астам дербес шотта есептелінген бересі сомаларын және оны есептен шығару күніне дейінгі, көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын есептен шығару қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

       1. Осы 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомаларын есептен шығару және 2018 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он бес жылдан астам дербес шотта есептелінген бересі сомаларын және оны есептен шығару күніне дейінгі, көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын есептен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 57-3-бабына сәйкес әзірленді және есептен шығару тәртібін айқындайды:

      1) 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомалары, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеніне салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына төлем күніне дейін, есептелген өсімпұл сомалары. Осы тармақшада көзделген өсімпұлды есептен шығару 2018 жылғы мүлік салығын және жер салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезендері үшін салықтық міндеттемелер бойынша қалыптасқан бересінің толық сомасына жүргізіледі. Бұл ретте, бюджетке төленген бересі салық және басқа да міндетті төлемдер түріне сәйкес өсімпұл есептен шығарылады.

      Осы тармақшының бірінші бөлігінің ережелері салық төлеушілерге - жеке тұлғаларға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жеке нотариустар, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиаторлар қызметін жүзеге асырумен байланысты емес, салықтық міндеттемелері бойынша жеке практикамен айналысатын тұлғаға, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаларға;

      2) 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он бес жылдам астам дербес шотта есептелінген бересінің сомаларына, сондай-ақ оны есептен шығару күніне дейінгі, көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларына қолданылады.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері салық төлеушілерге - жеке тұлғаларға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жеке нотариустар, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиаторлар қызметін жүзеге асырумен байланысты, салықтық міндеттемелері бойынша жеке практикамен айналысатын тұлғаға, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғаларға қолданылады.

 2-тарау. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомаларын есептен шығару және 2018 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он бес жылдан астам дербес шотта есептелінген бересі сомаларын және оны есептен шығару күніне дейінгі, көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын есептен шығару тәртібі

      2. Осы Қағидалардың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделінген шарттарға сәйкес салық төлеушілерді іріктеу үшін жеке шоттарды түгендеу мақсатында, осы Қағидалар күшіне енген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салық төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу орны бойынша мемлекеттік кірістер органы Комиссия құрады.

      3. Комиссия құрамына:

       1) салық төлеушілерді есепке алуды және дербес шоттарды жүргізуге жауапты;

      2) жергілікті салықты әкімшілендіру және өндірістік емес төлемдерді әкімшіліктендіруге жауапты;

      3) салық төлеушілерді тіркеу үшін жауапты;

      4) берешектермен жұмыс үшін жауапты;

      5) камералдық бақылауды жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалар кіреді.

       Комиссияны мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе басшының орынбасары болып табылатын төраға басқарады.

      4. Комиссия 2018 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанда, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасын толық көлемде төлеген, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он бес жылдан астам өсімпұл және (немесе) бересілері бар салық төлеушілерді, Қағидалардың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделінген шарттарға сәйкес салық төлеушілерді іріктеу үшін жеке шоттарды түгендеу бойынша жұмыстар жүргізеді.

       Түгендеу жұмыстары 2020 жылдың 5 қаңтарына дейін жүргізіледі.

       5. 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезеңіндегі салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасын толық көлемде төлеген, салық төлеушілер, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген түгендеу барысында анықталған, 2018 жылға мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанда, осындай салық төлеушілерді анықтаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бересі сомасын төлеуге жататын жағдайда, өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешім шығарады (бұдан әрі – Шешім).

      2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомалары, сондай-ақ төленген күнді қоса алғанда төлем күніне дейін есептелген өсімпұл сомалары есептен шығаруға жатады.

      Комиссияның Шешіміне Комиссияның төрағасы немесе оның міндетін атқаратын тұлға және оның мүшелері қол қояды.

      6. Мемлекеттік кірістер органы Шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Шешімде көрсетілген өсімпұл сомасын есептен шығару жүргізеді.

       Есептен шығару дербес шотының "Операцияның және құжаттың мазмұны, жазба (енгізу) негізінде жүргізіледі" деген бағанында алу белгісімен есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасын салық төлеушінің дербес шотының "Өсімпұл бойынша есептеу" – "Есептелді (төмендетілді)" деген бағандарында көрсету арқылы жүргізіледі:

      Салық төлеушінің дербес шотынан өсімпұл сомасын есептен шығару туралы "20___ жылғы "____" ____________ № ____ Шешім".

       7. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген түгендеу барысында 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он бес жылдан астам дербес шотта есептелінген бересі сомалары бар салық төлеушілер аныкталса, Комиссия осындай салық төлеушілер анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бересі және өсімпұл сомаларын есептен шығару туралы шешім шығарады (бұдан әрі – есептен шығару туралы Шешім).

      2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он бес жылдан астам дербес шотта есептелінген бересі сомалары, сондай-ақ оны есептен шығару күніне дейінгі есептен шығару күнін қоса алғандағы көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасы есептен шығаруға жатады.

      Комиссияның Шешіміне Комиссияның төрағасы немесе оның міндетін атқаратын тұлға және оның мүшелері қол қояды.

      8. Мемлекеттік кірістер органы бересі және өсімпұл сомаларын есептен шығару туралы Шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы Шешімде көрсетілген бересі және өсімпұл сомаларын есептен шығаруды жүргізеді.

       Есептен шығару дербес шотының "Операцияның және құжаттың мазмұны, жазба (енгізу) негізінде жүргізіледі" деген бағанында алу белгісімен есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасын салық төлеушінің "Салық және төлемдер бойынша есептер" – "Есептелді" дербес шотының "Өсімпұл бойынша есептеу" – "Есептелді (төмендетілді)" деген бағандарында көрсету арқылы жүргізіледі:

      Салық төлеушінің дербес шотынан өсімпұл сомасын есептен шығару туралы "20___ жылғы "____" ____________ № ____ Шешім".

      9. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне:

       - Комиссия құрылған күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бересіні төлеген жағдайда бересі мен өсімпұл сомасын есептен шығару туралы есепті;

       - айына екі рет 5 мен 20 күні осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бересіні төлеген жағдайда өсімпұл сомасын есептен шығару туралы есепті ұсынады, бұл ретте түпкілікті есеп 2020 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Бересі сомасын төлеген жағдайда өсімпұл сомасын есептен шығару туралы № ____ шешім

       ___________________________________                   20__ жылғы "__" ________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

       "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-3-бабына сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бересінің толық көлемде төленгенін ескере отырып, мына салық төлеушілер бойынша 2018 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезенінде салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомалары есептеп шығарылсын:

 

теңге

№ р/с

Салық төлеушінің жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)

Салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Бюджеттік классификация коды (БСК)

2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық кезеңінде салық міндеттемелері бойынша пайда болған бересіні толық төлеген күні

Төленген бересі сомасы

Есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасы

 

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиыны

Х

Х

Х

 

 

 

                 

       Комиссия төрағасы ____________________________________________________

                               (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

       Комиссия мүшелері ___________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

 

 

 

 

 Бересі мен өсімпұл сомасын есептен шығару туралы № ____ шешім

       ___________________________________                   20__ жылғы "__" ________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

       "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-3-бабына сәйкес мынадай салық төлеушілер бойынша 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он бес жылдан астам дербес шотта есептелінген бересі сомаларын, сондай-ақ оны есептен шығару күніне дейінгі, көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомалары есептен шығарылсын:

 

теңге

№ р/с

Салық төлеушінің жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)

Салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Бюджеттік классификация коды (БСК)

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелінген бересі сомасы

Есептен шығару күніне дейінгі, есептен шығару күнін қоса алғанда бересінің сомасына есептелген өсімпұлдың сомасы

 

1

2

3

4

5

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиыны

Х

Х

 

 

 

               

       Комиссия төрағасы ___________________________________________________

                               (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

       Комиссия мүшелері __________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

 

 

 

 

 Бересі мен өсімпұл сомасын есептен шығару туралы есеп  20__ жылғы "___" _______ бастап 20__ жылғы "___" _______ дейінгі кезең  ___________________________________________________  (мемлекеттік кірістер органының атауы)

 

теңге

№ р/с

Мемлекеттік кірістер органының коды

Салық төлеушінің жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)

Салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Бюджеттік классификация коды (БСК)

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген бересі сомасы

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дербес есеп шотында есептелген өсімпұл сомасы

Есептен шығаруға жататын бересі сомасы туралы мәлімет

Есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасы туралы мәлімет

 

күні

сомасы

күні

сомасы

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиыны

Х

Х

Х

 

 

Х

 

Х

 

 

                         

       Мемлекеттік кірістер органының басшысы

       (басшының орынбасары) _________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

 

 

 

 

 Бересі сомаларын төлеген жағдайда өсімпұл сомасын есептен шығару туралы есеп  20__ жылғы "___" _______ бастап 20__ жылғы "___" _______ дейінгі кезең  ___________________________________________________  (мемлекеттік кірістер органының атауы

 

теңге

р/с №

Мемлекеттік кірістер органының коды

Салық төлеушінің жеке сәйкестендіру номері (ЖСН

Салық төлеушінің аты, жөні, тегі

Бюджеттік классификация коды (БСК)

2019 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезені үшін салық міндетттері бойынша есептелген бересі сомасының толық төленген күні

Есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасы

 

күні

сомасы

 

1

2

3

4

5

6

7

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиыны

Х

Х

Х

Х

Х

 

 

                   

       Мемлекеттік кірістер органының басшысы

       (басшының орынбасары) ______________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)