Date of publication: 19.07.2019 17:41
Date of changing: 22.11.2019 11:10

Чектің берілмеуіне және POS- терминалға қатысты    

Құрметті салықтөлеушілер!

 

Алынған тауар, жұмыс және көрсетілген қызмет үшін қолма-қол ақшамен төлем жасалған жағдайда бақылау-кассалық машинасының чектерін талап етуіңізді және дүкендерде, кафелерде, мейрамханаларда, демалу базаларында, көлік жуу, техникалық қызмет көрсету станцияларында және т.б. жерлерде ақшасыз есеп-айырысу  қызметін (төлем карталарын қолдану арқылы төлем жүргізу жолымен) пайдалануыңызды сұраймыз.

Тауарды (жұмысты, қызметті) өткізу барысында қолма-қол ақшаны қабылдауда бақылау-кассалық машинасының чегін  бермеген жағдайда, сонымен қатар жеке кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкалары арқылы төлем жүргізуге арналған құрылғының болмаған жағдайында нысанның атауы, ЖСН/БСН, орналасу мекен-жайы, күні мен бұзушылықтың мәнін (нысанның суретін) 87016027344 WhatsApp  номеріне немесе ұқсас мәліметпен келесі мекен-жай бойынша мәлімдеушінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша мемлекеттік кірістер органдарына хабарлауыңызды сұраймыз:

  1. Абай ауданы бойынша МКБ -ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Абай көшесі, 47
  2. Аягөз ауданы бойынша МКБ – ШҚО, Аягөз қаласы, Абай көшесі, 52
  3. Бесқарағай ауданы бойынша МКБ – ШҚО, Бесқарағай ауылы, Сейфуллин көшесі,  146
  4. Бородулиха ауданы бойынша МКБ - ШҚО, Бородулиха ауылы, Мира айн., 3
  5. Глубокий ауданы бойынша МКБ - ШҚО, Глубокое п., Пирогов көшесі, 19
  6. Жарма ауданы бойынша МКБ - ШҚО, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 94
  7. Зайсан  ауданы бойынша МКБ - ШҚО, Зайсан қаласы,  Победа көшесі, 6
  8. Зырян  ауданы бойынша МКБ  - ШҚО, Зырян қаласы,  Стаханов көшесі, 11
  9. Катон-Қарағай ауданы бойынша МКБ  - ШҚО, Үлкен Нарын ауылы, Амангельды көшесі, 61
  10. Көкпекті ауданы бойынша МКБ  - ШҚО, Кокпекты ауылы, Аухадиев көшесі, 27
  11. Курчатов қаласы бойынша МКБ   - ШҚО,  Курчатов қаласы,  Құнанбай көшесі, 9
  12. Күршім ауданы бойынша МКБ  - ШҚО, Күршім ауылы, Бунтовских көшесі, 2
  13. Риддер қаласы бойынша МКБ    – ШҚО, Риддер қаласы, Тохтаров көшесі, 6
  14. Семей қаласы бойынша МКБ     - ШҚО, Семей қаласы, Абай алаңы, 3
  15. Тарбағатай  ауданы бойынша МКБ   – ШҚО,  Аксуат ауылы, Абылайхан көшесі, 9
  16. Ұлан ауданы бойынша МКБ    – ШҚО, Қ. Қайсенов, 21
  17. Үржар ауданы бойынша МКБ     – ШҚО, Үржар ауылы, Фрунзе көшесі, 6
  18. Өскемен қаласы бойынша МКБ -  ШҚО, Өскемен қаласы, Назарбаев даңғылы, 86.
  19. Шемонаиха ауданы бойынша МКБ -  ШҚО, Шемонаиха қаласы, Б. Момышулы көшесі, 43

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті