Date of publication: 16.07.2019 15:48
Date of changing: 22.11.2019 10:57

Жеке тұлғаларға өсімпұл сомаларын есептен шығару туралы

 

Қазақстан Республикасының Президентімен 2019 жылдың 4 шілдесінде қол қойылған салықтық рақымшылықты өткізу қарастырылған Заң шеңберінде және  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 57-3-бабына сәйкес 2019 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомаларын есептен шығару және 2018 жылғы мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттерді қоспағанда, төленген күніне дейінгі, оны төлеу күнін қоса алғанда 2019 жылғы 1 қантарға дейінгі салық кезенінде салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын,  сондай-ақ 2019 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша он бес жылдан астам дербес шотта есептелінген бересі сомаларын және оны есептен шығару күніне дейінгі, көрсетілген бересі сомасына есептелген өсімпұл сомаларын есептен шығару қағидалары бекітілетінің тұрғындардың назарына аударамыз. 

Осылайша, алдағы салықтық рақымшылық аясында мемлекет салық төлеуші – жеке тұлғаларға 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша салықтың негізгі сомасын жеке тұлға төлеген жағдайда, оны есептен шығару арқылы өсімпұл сомалары бойынша берешектен құтылуға бірегей мүмкіндік беріп отыр.

Ол үшін мемлекеттік кірістер органдарында жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жүргізу жөніндегі Комиссия құрылады, олар жоғарыда баяндалған шарттарға сәйкес келетін, яғни 2018 жылғы мүлік салығын, жер салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша пайда болған берешек сомасын толық көлемде төлеген салық төлеушілерді іріктеу үшін, сондай-ақ, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дербес шоттарында берешек  және (немесе) өсімпұл сомасы он бес жылдан астам есептелінген дербес шоттарды түгендеумен айналысатын болады.

Сонымен қатар, негізгі қарызды өтеген жағдайда, өсімпұлды есептен шығару үшін жеке тұлғалардың қатуысуы немесе мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуі қажет емес, өйткені негізгі қарыздың төленгені анықталған жағдайда Комиссия 3 жұмыс күн мерзімінде өсімпұлды есептен шығару туралы сәйкес шешім қабылдайды.

Әлеуметтік әділеттілік мақсатында, егер, салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін негізгі берешек сомасын өсімпұлмен қоса төлеуді жүргізіп қойса,  онда өсімпұл сомасы қайтарылуға жатады. Ол үшін мемлекеттік кіріс органына өтінішпен жүгіну қажет.

Осыған байланысты, өткен салық кезеңдері үшін салықтық берешектері бар барлық азаматтарды  жылдың аяғаны дейін негізгі қарызды өсімпұлсыз өтеу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз.

Салықтық рақымшылықты жүргізу мерзімі – ағымдағы жылдың аяғына дейін.

                                                                              Жеке тұлғаларлы әкімшілендіру және                       

                                                                                   жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің   

                                                        басшысы А.Турлыбекова