Date of publication: 12.07.2019 14:47
Date of changing: 22.11.2019 10:42

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен республикалық бюджеттің басты табыс көзінің бірі болып табылатын қосымша құн салығын (әрі қарай-ҚҚС) төлеуден жалтару фактілерін болдырмау және алдын алу шаралары тұрақыт түрде жүргізіліп отырады.

Салық төлеуден жалтару бұл жеке және заңды тұлғалардың заңсыз қасақана салық төлемеу схемасы.

Салықтан жалтару схемаларын болдырмау және алдын алу мақсатында мемлекеттік кірістер органдары шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіндегі жалған мәміле (жалған операция) белгілеріне талдау жүргізеді, яғни  іс жүзінде жұмыс істемеу, қызмет көрсетпеу, тауарларды жөнелтпеу операциялары бойынша.

Салық төлеуден жалтару фактілері нарықтық экономиканың дамуына теріс әсірін тигізеді және адал салық төлеушілердің сеніміне нұқсан келтіреді.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларды жұмыспен өтеу кезінде іс жүзінде келесідей салықтан жалтару фактілері орын алады, мысалы:

  1. «ҚҚС сомаларын есепке негізсіз жатқызу» бұзушылыға бойынша салық төлеуші түсініктемемен бірге жеткізушімен жазылған  шот-фактураладырдың көшірмесін тапсырады. Яғни, шот-фактура жазалған күні  жеткізуші ҚҚС төлеуші болып табылмаған.
  2.  «есепке жатқызылған ҚҚС асыру», «ҚҚС сомаларын есепке негізсіз жатқызу» бұзушылықтарын салық төлеуші ҚҚС бойынша қосымша декларациясын тапсыру арқыла хабарламада көрсетілген жеткізушінің есепке жатқызылған ҚҚС алып тастайды,  бірақ  жеткізушіні алмастыру арқыла орындайды. Яғни, есепке жатқызылған бір жеткізушіні алып тастап ұқсас сомаға (бірдей салық кезеңіне немес басқа) басқа жеткізушіні есепке жатқызады. Өз кезегінде «жаңа» жеткізуші тиісті жүзеге асыруды көрсетпейді немесе сатып алушымен  бір күнде қосымша салық нысанында көрсетеді.

Бірінші жағдайды сатып алушы- салық төлеуші мәміле жасар кезде жеткізушінің деректерінің дәлдіген, яғни жеткізушінің ҚҚС төлеуші куәлігінің нөмері мен сериясын  тексеруге мүмкіндігі болған. Деректер туралы ақпаратты жалпыға қол жетімді ҚР ҚМ МКД сайтынан көруге болады (kgd.gov.kz>Электрондық сервистар>ҚҚС салық төлеушілерді іздестіру). 

Егер ҚҚС төлеуші болып табылмаған жеткізуші ҚҚС бөлінген сомасымен шот-фатура жазылған болса, онда ол ҚҚС сомасы ҚР Салық Кодексінің 400 бабына сәйкес есепке жатқызылмайды.

Өз кезегінде, жеткізуші ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық Кодексінің 280 бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады:

«Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi -

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді».

Екінші жағдайда жалған мәмілелер бойынша ҚҚС салығын есепке жатқызу төлеушімен әдейі жүргізіледі. Яғни, болмаған мәміле бойынша шот-фактурасыз немесе жалған  шот-фактуралармен  ҚҚС есепке жатқызылады.

Осындай салықтан жалтару фактілері бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады (салықтық тексеру, әкімшілік/ қылмыстық жауап).

Осыған орай, тәуекелдерді басқару жүйесін санаттау кезінде жоғары дәрежедегі тәуекелге түспеудің алдын алуы үшін  салық төлеушілер  салық міндеттерін орындаған кезде салықтан жалтару фактілеріне жол бермеуі қажет.

Әр салық төлеуші салық нысандарында көрсетілген ақпараттардың толықтығы мен дұрыстығына дербес жауапты екенін ескеру  қажет.

    

 

 

 

ШҚО бойынша МКД

Камералдық мониторинг басқармасының бас маманы

Байжуманова  А.Р.