Date of publication: 24.05.2019 17:34
Date of changing: 24.10.2019 12:48

Бақылау-касса машиналарын онлайн тіркеуге қатысты

 



Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (әрі қарай- Комитет) және «Қазақтелеком» АҚ фискалдық деректер операторы (әрі қарай- ФДО), ФДО арқылы бақылау-касса машиналарын (әрі қарай- БКМ) онлайн тіркеуге қатысты сұрақтарға қатысты келесіні хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер органы 2019 жылғы 2 сәуір «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ФДО («Қазақтелеком» АҚ) мәлімет негізінде тіркеу, тіркеу карточкасында көрсетілген деректеріне өзгеріс енгізу, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар машиналары БКМ есептен шығаруды жүзеге асырады. 

Бағдарламалық қамтамасыз ету үшін 2019 жылы 17 сәуірде тиісті жаңартулар қойылды. Енді осы уақыттан БКМ тек қана ФДО арқылы онлайн режимінде тіркеледі. 

Автоматты түрде БКМ тіркеу мемлекеттік кірістер органына салық төлеушілер өзі келу тәртібімен жүгінуді жою және қызмет көрсету уақытын үнемдеу бизнес-процесін тиімді етеді. 

Сонымен бірге, қазіргі уақытта ФДО Комитетпен бірге бүгінгі күнге туындаған кейбір қателерді жетілдіру жұмыстарын өткізуде.

Жоғарыда көрсетілгенді еске ала отырып, Комитет ФДО-мен бірге техникалық қатені жойғанша салықтық өтінішті тіркеу қағаз жеткізгіште қабылдауды альтернативтік шешімге келді. 

БКМ онлайн тіркеу үшін, БКМ пайдалану жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына салықтық өтінішті қағаз түрінде тапсыруы қажет.

Сонымен қатар, ақпараттық жүйеде туындаған техникалық сұрақтарға байланысты мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілердің онлайн БКМ қолданбағаны үшін кінәсі болмауына байланысты жауапкершілік қарастырылмайтынын хабарлаймыз.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.