Date of publication: 24.05.2019 13:48
Date of changing: 24.10.2019 12:50

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кету, іс жүзінде әкетілген жерінде орналасқан кеден органының растауы тәртібі туралы

 

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 07 ақпандағы №25 шешімімен (бұдан әрі – № 25 шешім) Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 330 "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кету, іс жүзінде әкетілген жерінде орналасқан кеден органының растауы тәртібі туралы" шешімінің күші жойылғанын хабарлаймыз.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 07 ақпандағы №25 шешіміне сәйкес тауарларды  Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкету кеден органы тауарды шығаруды жүзеге асырған мүше мемлекеттің кеден органының ақпараттық жүйесіне жіберілетін электрондық хабарламамен "электрондық растаумен" расталады.

Көрсетілген тәртіп тауарларға арналған декларациялардың қағаз тасығыштарының айналысын болдырмайды және оларды шығаруды кеден органында растауды талап етпейді.

Салық кодексінің 152-бабының 5-тармағына сәйкес, осы Кодекске сәйкес қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде тауарлар экспорты жағдайында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың экспорт кедендік рәсімінде әкетілу фактісін растайтын кеден органының мәліметтері ескеріледі.

Бұл ретте, салық кодексінің 386-бабының 4-тармағына сәйкес, «Экспортқа арналған тауарларды сату бойынша айналым» декларациясына сәйкес тауарлардың нақты экспорты туралы салық органдарының ақпараттық жүйелері хабардар болған электрондық құжат түрінде тауарларға тауарларды экспорттауды растайтын құжат болып табылады.

Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде осы баптың 2-тармағының 2), 3) және 6) тармақшаларында және 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

№25 шешімнің 5 тармағына сәйкес мүше мемлекеттер орталық кеден органдар ақпараттық жүйесінде тауарларды шығару туралы ақпарат болмаған жағдайда декларант немесе оның өкілетті тұлғасы еркін түрде электронды құжат не болмаса қағаз басылымында Одақтың кеден аумағынан тауарлардың нақтылы шығарылғанын анықтау мақсатында шығару кеден органына мотивациялық сұрау өтініші ұсынылады.  

 Электронды растаудың жоқтығы туралы ақпарат алынған жағдайда шығару кеден органынының лауазымды тұлғасы кету кеден органының ақпараттық жүйесіне электронды сұраныс жолдайды, алынған мәліметтер негізінде декларантқа немесе оның өкілетті тұлғасына Одақтың кеден аумағынан тауарлардың нақтылы шығарылғаны немесе ондай ақпараттық жоқтығы туралы жазбаша не электронды түрде жауап ұсынылады.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 07 ақпандағы №25 шешімі мен 2018 жылғы 28 тамыздағы №144 шешімдеріне сәйкес тауарлардың нақты әкетілгендігін растайтын мәліметтерді кеден органы "АСТАНА-1" АЖ қаражаты бойынша растайды, экспортты растау жөніндегі модуль 2019 жылдың ақпан айынан бастап іске асырылды.