Құрметті салық төлеушілер!
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, азаматтарға мәлімет үшін келесіні хабарлайды:
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, Өскемен және Семей қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының (бұдан әрі -МКБ) қызмет көрсету орталықтарында, сонымен қатар көрсетілген МКБ-ның жергілікті салықтар (жер, мүлік, көлік салығы) бойынша жеке тұлғаларға қызмет көрсететін қызметкерлерге жаңа жұмыс ережесі енгізілді: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден бастап жұма бойынша сағат 9:00 ден 20:00-ге дейін түскі асқа үзіліссіз.
Қызмет көрсетулер келесі мекен жайларда жүзеге асырылады:
Өскемен қаласы бойынша МКБ-сы, Тәуелсіздік даңғылы 86:
«Ақпараттарды қабылдау және беру орталығы» -3 қабат;
«Жеке тұлғалармен жұмыс бөлімі» - 4 қабат.
Семей қаласы бойынша МКБ-сы, Абай алаңы, 3 :
«Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы» - Орталық ғимаратының 2 қабаты;
«Жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерін әкімшілендіру бөлімі» - Орталық ғимаратының 1 қабаты, № 1 кабинет.