Date of publication: 07.09.2018 12:57
Date of changing: 21.10.2019 15:34

 

«Алкоголь өнімін  есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптарысыз, алкоголь өнімін  сақтауга және өткізу»

 

Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 25.09.2018 жылы жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақының үшінші мерзімі екендігін хабарлайды.

Салық Кодексінің 556 бабына сәйкес алкоголь өнімін сақтау көтерме және бөлшек саудада сату қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылатынын хабарлайды.

Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай төлемақы төлеу күніне қолданыста болатын еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады және мыналарды құрайды:

  • Алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін- 200 АЕК (481 000 тенге);
  • Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін:
  • республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында - 100 АЕК (240 500 тенге),
  • басқа да қалалар мен кенттерде – 60 АЕК (144 300 тенге),
  • ауылдық елді мекендерде - 20 АЕК (48 100 тенге).

БСК (бюджет сыныптамасының коды) – 105434.

Төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.

    Егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Этиль спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 9-шы бабының  3-ші тармағы 6-шы тармақшасына сәйкес Алкоголь өнімін  есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары болмаса, алкоголь өнімін  сақтауга және өткізуге тыйым салынады, бұл Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодекінің 282 бабының 3-ші тармағы 6-шы тармақшасына сәйкес құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, 50 ден 600 ге дейн айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

          Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы